Көңіл толқыны
Секен Тұрысбеков
  • Панфиловшылар жыры

  • Композитор: Әблахат Еспаев
  • Отты жылдар өртеді, өтті қан майдан да,
    Сыр шерткендей күй болып бүгін қартайғанда.
    Гвардия анты – жеңуді бізге үйреткен күш,
    Гвардия даңқы ту болып, жауды күйреткенбіз.
    Гвардия даңқы,
    Гвардия анты,
    Гвардия анты – жеңуді бізге үйреткен күш,
    Гвардия даңқы ту болып, жауды күйреткенбіз.


    Жорықтарда оқ жұтқан қандас, достас жанбыз,
    Жастық шақпен жас жетпей сонда қоштасқанбыз.
    Гвардия анты – жау алмас болат, берік қорған,
    Гвардия даңқы солдатқа қуат, серік болған.
    Гвардия даңқы,
    Гвардия анты,
    Гвардия анты – жау алмас болат, берік қорған,
    Гвардия даңқы солдатқа қуат, серік болған.

    Өмір жауы айқаста өзі мола тапты,
    Тартып алдық ажалдан сені – болашақты.
    Гвардия анты – ерлікке шыңдап, солдат жеңген,
    Гвардия даңқы – өлмеске мәңгі мандат берген.

  • Категория:

    Песни композиторов казахстана