Қосбасар
Сүгір
  • Қара көз

  • Народная песня
  • Жете алмай жолда шаршап тұрған кезде,
    Бір ғана елес берші, сәулем, көзге.
    Аққуым айдын көлде жеке жүзген,
    Көңілімде көлеңкем жоқ сенен өзге.

    Қайырмасы:
    Ақсұңқарым, жібегім,
    Жалғыз сенде тілегім.
    Сегіз жылдай сергелдең
    Бір сені ойлап жүдедім.
    Ой, сүмбіл шаш, сенсің уайым,
    Беу жұбайым,
    Түскенде сен есіме не қылайын.

    Сұм жалған сегіз жылдай қолды матап,
    Жолыңа шыға алмадым сарбас атап.
    Аққуым айдын көлде жеке жүзген,
    Жүрдің бе іліктірмей жаман атақ.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Народные песни