Атадан мұра
Нұрғиса Тілендиев
  • Туған елім

  • Народная песня
  • (Жақсылық Зәкіровтің орындауынан)

    Аққулар бара жатсың сендер қайда,
    Айта бар, барсаң сәлем туған жаққа.
    Қосылып кетер едім қанатым жоқ,
    Жете алмай мен жүрмін ғой сағынсам да.

    Қайырмасы:
    Туған елім, сағындым сені.
    Сағындым, айналайын туған жерім.

    Айрылған қиын екен туған елден,
    Келмейді құрбыларым алыс жерден.
    Есіме сен түскенде туған елім,
    Екі елі көтеремін өкшем жерден.
    Қайырмасы.   

    Аққулар қайтасыңдар алыс жақтан,
    Сағындым, сарғайдым ғой елді туған.
    Осыдан аман-есен елге қайтсам,
    Болар ма еді бір арманым бағы ашылған.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Народные песни