Көш керуен
Нүрғиса Тілендиев
  • Теке қала

  • Народная песня
  • (Сағадат Рахметжановтың орындауынан)

    Қай қала, мына қала, Теке қала,
    Түр салдым текеметке теңбіл ала.
    Ауылың бірге отырған көшсе алысқа,
    Беріп кет сақинаңды сағынбасқа.

    Қай қала, мына қала, Теке қала,
    Түр салдым текеметке теңбіл ала.
    Талықсып талға асылып тұрған шақта,
    Толықсып келмейсің бе жеке дара.

    Қай қала, мына қала, Теке қала,
    Түр салдым текеметке теңбіл ала.
    Самалмен кешке қарай аттандырдым,
    Әнімді елші қылып екі араға.

  • Категория:

    Народные песни