Дедім-ай, ау
|
|
Әннің созі
Айналайын, ақ жүзің, айдан аппақ, Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ, дедім-ай, ау. Көрген адам қасыңнан кете алмайды, Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап, дедім-ай, ау.
Қайырмасы: Алма ағаштың гүліндей-ау, Текеметтің түріндей-ау. Өтіп дәурен бара жатыр, Сіз бен бізге білінбей-ау.
Құлағыңа таққаның күміс сырға, Күмбірлетіп шығасың күнде қырға, дедім-ай, ау. Сағыныштан сарғайып шыдам таппай, Мен өзіңді қосамын ән мен жырға, дедім-ай, ау. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Доссорда шай құяды гүлжан, сара
|
|
Әннің созі
(Жолдыбай Тұрмағанбетовтың орындауынан)
Доссорда шай құяды Гүлжан, Сара, Гүлжандай бола бермейді жұрттың бәрі. Жігіттің еш арманы болмас еді, Сарадай бола берсе алған жары.
Атыңнан айналайын Гүлжан, Сара, Үйректің сұқсырындай туған дара. Өзіңе айтсам деген бір сөзім бар, Саражан, асқақтамай бермен қара.
Гүлжаным, айналайын асыл айым, Несіне мінезімді жасырайын. Көңіліңді расыменен берсең маған, Жем беріп балапандай асырайын.
Саражан, айналайын асыл айнам, Хабарың бар ма сенің біздің жайдан. Құрбы деп көп ішінде сөз айтамын, Жан қалқам арғы жағын өзің ойлан.
Ғарифолла Құрманғалиев орындаған нұсқаның 1-шумағы:
1. Доссорда шай құяды екен Гүлжансара, Гүлжандай бола бермейді жұрттың бәрі. Жігіттің еш арманы болмас еді, Гүлжандай сұлу болса алған жары.
|
Нотасы
|
Дөңасқан
|
|
Әннің созі
(Қайрат Кәкімовтің орындауынан)
Шығады шапқан аттың шаңы аспанға, Құдайым жар бола гөр адасқанған. Даланың дөңдерінен шапқан аттай, Басайын құйқылжыта «Дөңасқанға».
Қай деңгей, мына деңгей, деңгей, деңгей, Бұл көңіл шаба алмайды сірә желмей. Көзіме оттан да ыстық көрінесің, Бұқардың кезі алпыс сом жібегіндей.
|
Нотасы
|
Теке қала
|
|
Әннің созі
(Сағадат Рахметжановтың орындауынан)
Қай қала, мына қала, Теке қала, Түр салдым текеметке теңбіл ала. Ауылың бірге отырған көшсе алысқа, Беріп кет сақинаңды сағынбасқа.
Қай қала, мына қала, Теке қала, Түр салдым текеметке теңбіл ала. Талықсып талға асылып тұрған шақта, Толықсып келмейсің бе жеке дара.
Қай қала, мына қала, Теке қала, Түр салдым текеметке теңбіл ала. Самалмен кешке қарай аттандырдым, Әнімді елші қылып екі араға.
|
Нотасы
|
Туған елім
|
|
Әннің созі
(Жақсылық Зәкіровтің орындауынан)
Аққулар бара жатсың сендер қайда, Айта бар, барсаң сәлем туған жаққа. Қосылып кетер едім қанатым жоқ, Жете алмай мен жүрмін ғой сағынсам да.
Қайырмасы: Туған елім, сағындым сені. Сағындым, айналайын туған жерім.
Айрылған қиын екен туған елден, Келмейді құрбыларым алыс жерден. Есіме сен түскенде туған елім, Екі елі көтеремін өкшем жерден. Қайырмасы.
Аққулар қайтасыңдар алыс жақтан, Сағындым, сарғайдым ғой елді туған. Осыдан аман-есен елге қайтсам, Болар ма еді бір арманым бағы ашылған. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Топ шеңгел
|
|
Әннің созі
Сен де он бесте, құрбым-ау, мен де он бесте, Екі он бесте қосылса тең келмес пе. Қалқатайдың бергені жарты мейіз, Бөліп жесек екеуміз олжа емес пе.
Қайырмасы: Есік алды топ шеңгел, Топ шеңгелге келсең кел. Топ шеңгелге келуге, Өзіңе-өзің сенсең кел.
Қалам алып хат жаздым тәрбиалап, Бүркіт салған жүреді тау қиялап. Жапан түзге сен біткен бір бәйтерек, Бұтағың жүрмесін қарға ұялап. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Көкем-ай
|
|
Әннің созі
Шыңында өскен асқардың сен бір шынар, Бір өзіңе қалқатай, болдым құмар. Бұраң бел, көкем-ай, Қасы, көзі қиылып Қай жерде отыр екен-ай.
Көрмегелі жүзіңді көп күн болды, Құмарланған көңілім қашан тынар. Бұраң бел, көкем-ай, Қасы, көзі қиылып Қай жерде отыр екен-ай. Ел қыдырып іздесем, Табар ма екем, көкем-ай.
Орта бойлы, қара көз шырайлым-ай, Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба-ай! Бұраң бел, көкем-ай, Қасы, көзі қиылып Қай жерде отыр екен-ай.
Сөйлегенде тіліңнен бал тамады-ай, Сенен көңіл басқаға бұрармын ба-ай. Бұраң бел, көкем-ай, Қасы, көзі қиылып Қай жерде отыр екен-ай.
|
Нотасы
|
Көкем-ай
|
|
Әннің созі
(Рабиға Есімжанованың орындауынан)
Сенің үшін жігіт ем туған баста, Мейлі өшір, мейлі өсір мені жаста.
Қайырмасы: Бұраң бел, көкем-ай, Қасы, көзі қиылып, Қай жерде отыр екен-ай.
Жақсы жігіт болсам да, жан тең келмес, Сүйгенім жоқ дүниеде сенен басқа. Қайырмасы.
Жастық шақта өсірді сүю қызық, Сүйгеніңе бірақ та жазбас ризық. Қайырмасы.
Қол жетпеске ұрынып мерт болғанша, Оянғанша махаббат қалсын мұздап. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Көкем-ай
|
|
Әннің созі
(Серғали Әбжановтың орындауынан)
Екі ішекті домбырам талдан тиек, Еттен басқа болмайды тілде сүйек.
Қайырмасы: Бөпем-ай, көкем-ай, Сағындым ғой жан сәулем Саған қашан жетсем-ай.
Сүйген сәулем алдымда отырғанда, Біразырақ сөйлейін қа,ып иек. Қайырмасы.
Сөйлеп, сөйлеп тастайын сөз келгенде, Сөйлесін деп білемін сөз бергенде. Қайырмасы.
Дауысыңды аяма, шырқатайық, Сүйген сәулем алдына кез келгенде. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Көшкенде
|
|
Әннің созі
Жүк арттым атаншама, жаным шықты, Тұрады кейбір адам ойын кектеп.
Арта алмай ауыр жүкті тұрған шақта, Қасыма тез келсеңшң сүйген сәулем.
Басынан биік таудың қар кетпейді, Аяғың тайып кетер нық баспасаң.
Жамаға досым-ау деп сырыңды айтсаң, Сол жаман шыға бере жайып кетер.
|
Нотасы
|
Қамажай
|
|
Әннің созі
Қыз емес, қыздың аты – қызыл бидай, Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай. Қалмады баста бөрік, белде белбеу, Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай.
Қайырмасы: Ахау айдай, Қызыл бидай. Болғанша жарың жаман, О, шіркін, алсын құдай
Қыз емес, қыздың аты – қызыл өрік, Баршасы бірдей келсін мінез, көрік. Сыртынан жүзін көрмей құмарланып, Әркімдер жүрсе-дағы болып жерік. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Қара көз
|
|
Әннің созі
Жете алмай жолда шаршап тұрған кезде, Бір ғана елес берші, сәулем, көзге. Аққуым айдын көлде жеке жүзген, Көңілімде көлеңкем жоқ сенен өзге.
Қайырмасы: Ақсұңқарым, жібегім, Жалғыз сенде тілегім. Сегіз жылдай сергелдең Бір сені ойлап жүдедім. Ой, сүмбіл шаш, сенсің уайым, Беу жұбайым, Түскенде сен есіме не қылайын.
Сұм жалған сегіз жылдай қолды матап, Жолыңа шыға алмадым сарбас атап. Аққуым айдын көлде жеке жүзген, Жүрдің бе іліктірмей жаман атақ. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Қара қаншық
|
|
Әннің созі
(Мекес Төрешовтің орындауынан)
Қоянды шалмай алар қара қаншық, Сұңқарға жем тілеген болар талшық. Не келер, ер жігітке нелер кетпес, Сыртым сау болып жүрмін бауырым балшық.
Жүгірген құмнан құмға құмай тазы, Жігітті мұңайтады малдың азы. Жігіттер, малым аз деп мұңаймаңыз, Бір күні ажал келіп шұнайтады.
Ғ.Құрманғалиев нұсқасындағы екінші шумақ мәтіні:
2. Дүние өте шығар судай парлап, Кетпейді өтерінде сірә жарлап. Кешегі қара қаншық бар шағында, Алаңсыз жүруші едім аңымды аулап.
|
Нотасы
|
Құдаша
|
|
Әннің созі
Келші, келші, бермен келші құдаша, Бір сөз айтсам көңіліме ұнаса. «Кет әрі» деп ұрса ма деп зәрем жоқ, Не де болса шығып кетші оңаша.
Дедім дағы қысып қалдым көзімді, Жерге тастап кете ме деп сөзімді, Елжіреген жас жүректі зәре жоқ, Сабыр ет деп тоқтатамын өзімді.
|
Нотасы
|
Ғайни
|
|
Әннің созі
Есімнен еш кетпейді Ғайни атың, Өртеген жүрегімді перизатым. Бұлақтай көгал қуған таудан құлап, Бересің кімге арнап бал ләззаттан?!
Қайырмасы: Ғайни-ау, жан сәулем, Жүрегім менің бүйтіп сенің әурең.
Қарағым, өзіңнен де сөзің тәтті, Сөзіңнен өзің артық инабатты. Қоянның қолға түскен көжегіндей, Жаутаң көз, сені қандай адам тапты?!
|
Нотасы
|
Ақ айша
|
|
Әннің созі
Айналайын, қарағым асыл айым, Мінезімді несіне жасырайын. Расыңмен көңіліңді берсең маған, Балапандай жем беріп асырайын.
Қайырмасы: Мінген атым торы ала-ай Жалтарады қояндай, Татулықтың белгісі – Қозы Көрпеш – Баяндай, Аяңда, сәулем, аяңда-ай, Аяңдашы, аянбай.
Сен қалайсың, қарағым, мен дегенде, Ұшар қанат менде жоқ сен дегенде. Тигізетін құрбыңа пайдаң бар ма, Сені ойлап күндіз, түн шөлдегенде. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Ай-ау
|
|
Әннің созі
(Ғарифолла Құрманғалиевтің орындауынан)
Бұл жастық бастан бір-бір өтер деймін, Бал менен тәтті нәрсе шекер деймін. Көргенде ұлы тойда сергексініп, Ұзақшыл аттай жүйрік тепеңдеймін.
Жастық шақ өте шығар басымыздан, Бала едің әдеп көрген жасыңыздан. Он бес пен жиырманың арасында, Кетпейді келген құрбы қасыңыздан.
|
Нотасы
|
Айжан-ай
|
|
Әннің созі
Дарияның арғы жағы, бергі жағы, Жайқалған жағасында жапырағы. Жігіттің еш арманы болмас еді, Күлімдеп алдан шықса сүйген жары.
Қайырмасы: А-хау... Айжан-ай, Жас дәурен екі айналып келмес саған.
Дүниеде әркім жүрер кең болған соң, Ойнайды екі құрбы тең болған соң. Сырымды саған айтпай кімге айтамын, Сүйгенім, ғашық жарым сен болған соң. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Ақбақай
|
|
Әннің созі
Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген, Қыз қайда құдашадай көзі күлген. Алыстан ат арытып келгенімде, Шақыртпай еш адамға өзі келген.
Қайырмасы: Ахау, сәулем-ай, өзі келген-ай, Ахау арман-ай.
Мыс та алтын, жез де алтын, алтын да алтын, Адамда сөз болмайды айтылмайтын. Сыртынан жүзін көріп қызыққанмен, Табылмас нағыз алтын жарқылдайтын. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Ақ ерке
|
|
Әннің созі
Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда, Өткір қылыш, жүйрік ат жанға пайда. Ат сабылтып алыстан келгенімде, Қарсы алатын құрметпен сәулем қайда.
Қайырмасы: Ақерке, аман бол сен, Шыбыным, шыбыным, Ойналық кел, Шашбаулым, шашбаулым.
Тәтті сөзің көңілімді кетті басып, Айта алмадың тар жерде сырыңды ашып. Сені алтынға балаған құрбың едім, Қоштасайық бермен кел, құшақтасып. Қайырмасы.
|
Нотасы
|