-
Ақ айша
-
Айналайын, қарағым асыл айым,
Мінезімді несіне жасырайын.
Расыңмен көңіліңді берсең маған,
Балапандай жем беріп асырайын.
Қайырмасы:
Мінген атым торы ала-ай
Жалтарады қояндай,
Татулықтың белгісі –
Қозы Көрпеш – Баяндай,
Аяңда, сәулем, аяңда-ай,
Аяңдашы, аянбай.
Сен қалайсың, қарағым, мен дегенде,
Ұшар қанат менде жоқ сен дегенде.
Тигізетін құрбыңа пайдаң бар ма,
Сені ойлап күндіз, түн шөлдегенде.
Қайырмасы. -
Категория:
Халық әндері