-
Ақбақай
-
Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,
Қыз қайда құдашадай көзі күлген.
Алыстан ат арытып келгенімде,
Шақыртпай еш адамға өзі келген.
Қайырмасы:
Ахау, сәулем-ай, өзі келген-ай,
Ахау арман-ай.
Мыс та алтын, жез де алтын, алтын да алтын,
Адамда сөз болмайды айтылмайтын.
Сыртынан жүзін көріп қызыққанмен,
Табылмас нағыз алтын жарқылдайтын.
Қайырмасы. -
Категория:
Халық әндері