-
Топ шеңгел
-
Сен де он бесте, құрбым-ау, мен де он бесте,
Екі он бесте қосылса тең келмес пе.
Қалқатайдың бергені жарты мейіз,
Бөліп жесек екеуміз олжа емес пе.
Қайырмасы:
Есік алды топ шеңгел,
Топ шеңгелге келсең кел.
Топ шеңгелге келуге,
Өзіңе-өзің сенсең кел.
Қалам алып хат жаздым тәрбиалап,
Бүркіт салған жүреді тау қиялап.
Жапан түзге сен біткен бір бәйтерек,
Бұтағың жүрмесін қарға ұялап.
Қайырмасы. -
Категория:
Халық әндері