-
Көкем-ай
-
(Серғали Әбжановтың орындауынан)
Екі ішекті домбырам талдан тиек,
Еттен басқа болмайды тілде сүйек.
Қайырмасы:
Бөпем-ай, көкем-ай,
Сағындым ғой жан сәулем
Саған қашан жетсем-ай.
Сүйген сәулем алдымда отырғанда,
Біразырақ сөйлейін қа,ып иек.
Қайырмасы.
Сөйлеп, сөйлеп тастайын сөз келгенде,
Сөйлесін деп білемін сөз бергенде.
Қайырмасы.
Дауысыңды аяма, шырқатайық,
Сүйген сәулем алдына кез келгенде.
Қайырмасы. -
Категория:
Халық әндері