Сағындым, сағым жылдар
|
|
Әннің созі
Сағындым, сағым уақыт, Табатын жаным бақыт. Балалық ұяның, Қарлығаш қиялың Еске алып, тербелемін. Жұлдызын көгімнің, Бақытын өмірдің Аңсаумен мен келемін
Қайырмасы: Сағыныш-ай, сағыныш-ай, Сен де бір арман, Сен де бір жалған. Сағыныш-ай, сағыныш-ай! Сенімен бірге Толқиды жаным менің
Сағындым сағым жылдар, Өттің-ау ағып, жылдар. Баладай алаңсыз, Баянды, баянсыз Тағдырға бағынумен. Оралып келе алмай, Достарды көре алмай, Күн кештім сағынумен. Қайырмасы.
Сағындым, сағым күндер, Сағынсам жаным гүлдер. Өмірдің көшінен, Мен, бәлкім, кешігем, Сағынып кеш қалармын. Балалық көктемім, Қамығып өткенің Аңсаумен еске алармын. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Сағыныш
|
|
Әннің созі
Гүл шоғы таң нұрымен ашылады, Арманым, ақ тілегім асығады. Жанамын от боп лаулап сен дегенде, Қалауын жүрек қалай жасырады.
Қайырмасы: Қызғалдақты белестегі, Терейік бір, қалқажан. Бақыт ортақ емес пе еді, Қыз, жігітке, әрқашан.
Көктемнің алаулаған күндерінде, Аяулым, желек атып гүлдедің бе? Ән болып асқақтайды сағынышым, Жырақта жыл құсындай жүргенімде. Қайырмасы.
Білемін жүрегіңде дастан барын, Жарасты екі жастың ашқан бағын. Махаббат бесігінде тербелейік, Ашайық адал сырды, жасқанбағын. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Сәби болғым келеді
|
|
Әннің созі
Құс та болғым келмейді, қанатым бар, Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
Tap бесігі - кең жаһан, тарылмаған, Біреуге бар, біреуге табылмаған.- Сәби болғым келеді, сәби болғым, Ана сүті аузынан арылмаған.
От та болғым келмейді, жылуым бар. Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Күн сәулесі ойнаған тұлымымда.
Қанаттанып өмірге ұшарымда, Кесілмесін бәрібір тұсауым да. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Сәбиі жоқ ананың құшағында.
|
Нотасы
|
Сәулем саған мен құмар
|
|
Әннің созі
Жұрт сүйсінер әнің бар, Әзілің бар, назың бар, Жадыраған жаның бар, Жүрегіңде жалын бар. Туған айдай қасың бар, Сүмбіл қара шашың бар. Құлын мүсін талдырмаш, Кімге болар асыл жар! Қайырмасы: Көрерімде қалқаны, Оң қабағым тартады.
Көлдей тұнық көзің бар, Өлең-жырдай сөзің бар, Гүлдеп тұрған кезің бар, Өзің шекер, өзің бал. Ерге бітпес еркің бар, Жанға бітпес көркің бар. Сен дегенде дертім бар, Сенің кімге сертің бар? Қайырмасы: Дауысыңа ел құмар, Сәулем саған мен құмар.
|
Нотасы
|
Сағыныш екен бала кез
|
|
Әннің созі
Армандай асыл ақ дәурен, Алыстап қалды-ау Қаракөз. Алаулап атқан таңдармен Келмейді-ау сол бір бала кез.
Тырналар ұшып өткенде, Түседі-ау еске бала кез. Қызғалдақ көрсем көктемде, Түседі-ау еске Қаракөз.
Аққу кеп қонса көліне, Түседі-ау еске Қаракөз. Тырналар қайтса еліне, Түседі-ау еске бала кез.
Сағынған жақсы бір сәтті Сағыныш екен бала кез. Есіме алсам бір шақты Арманым екен Қаракөз.
Армандай асыл ақ дәурен, Алыстап қалды-ау Қаракөз. Алаулап атқан таңдармен Келмейді-ау сол бір бала кез.
|
Нотасы
|
Сағыныш сазы
|
|
Әннің созі
Есігімді ашып, еріп кіргелі, Сен болып бақыт келіп тұр ма еді. Қарақат көзім, әніңмен алғаш, Еріттің мені, еліттің мені.
Қайырмасы: Құшағымды ашып, Көңілім тасып, Бірге жүрген күндерімді сағындым. Бақытым менің, Жақұтым менің, Кел, кел, кел. Ғашығым менің, Асылым менің, Сен, сен, сен.
Көзімде неге, көл, дірілдедің? Солмаса екен енді гүлдерім. Қуантсаң – қуант, мұңайта көрме, Моншақтай мойыл мөлдірім менің. Қайырмасы.
Жұлдызым жанып, жайнасын бағым, Бұлбұлым қонып, сайрасын бағым. Хабарың келмей қамығып жүрмін, Сағынып жүрмін, қайдасың, жаным? Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Сен ғана
|
|
Әннің созі
Жайма шуақ көктемнің жасыл күні, Балбұлақтан естисің мың күлкіні. Аспан асты бір саған құмартқандай, Тамылжиды аулақта бұлбұл үні.
Қайырмасы: Аялап тербеткен, Сұрашы жер-көктен! Әлемнің сенде қызығы, Күннің де сенде қызуы, Бір өзің аңсарым, Бір өзің жан жарым!
Сабыр етші, жан сәуле, тыңда тағы, Сен дегенде тау шыңы тіл қатады. Ақ қайыңмен сырласып ұзап шықсаң, Әншіл арман бір сен деп шырқатады. Қайырмасы.
Кезсем-дағы қай өлке, қай даланы, Самал желі сені аңсап аймалады. Махаббаттың көрдің бе құдыретін, Жердің өзі бір сен деп айналады. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Серенада
|
|
Әннің созі
Күннің нұры шың басына өрмелеп, Қоштасқанда бұлттарменен көктегі. Келші құрбым, кешкі қоңыр самал боп, Дөң басына, жас еменге шеттегі.
Ақ ниетпен сонда ұзақ сырласып, Келер таңды бірге қарсы алайық. Келсектағы екі жақтан екеуміз, Қол ұстасып ауылға бір барайық.
Осы бір кеш біздер үшін болмасын, Көп кештердей белгісі жоқ өткен бір. Екеуміздің сезіміміз қашанда Таңғы шықтай болсын құрбым мөп-мөлдір.
|
Нотасы
|
Соқ, барабан
|
|
Әннің созі
Соқ, барабан! Көк танктер қаптасын, Қызыл ерлер жауды жеңіп таптасын. Соқ, барабан! Күрсілдесін зеңбірек, Жаудыр оқты, броневиктер дөңгелек.
Таста, таста көктен бомба, сұңқарлар, Ит фашистер кірерге көр таппасын. Қират, қират қызыл ерлер фашисті, Ұлы Отанға сендердей күшті ер керек.
Соқ, барабан! Қаһарлансын қызыл ер, Зәресі ұшып үрейленсін Гитлер. Ұйпап-жұйпап қызыл ерлер фашисті, Алақайлап шын қуансын ел мен жер!
Соқ, барабан! Фашист сасып шегінсін, Шегінсін де, тас-талқан боп жеңілсін. Талай елді зар жылатқан жалмауыз, Қанқұмар ит Гитлер көрге көмілсін.
|
Нотасы
|
Сүйген сәулем
|
|
Әннің созі
Шөпілдеп қара көзден мөлдір жасың, Төгіліп белуардан қолаң шашың. Күт мені терең сақтап жүрек сырын, Серттесіп қол алысқан жан жолдасым.
Қайырмасы: Ахау, сүйген сәулем, Ахау, сүйген сәулем, Қажыма, алдымызда қызық дәурен.
Мен жүрмін алыс жерде солдат болып, Халқымның бейбіт жатқан жерін қорып. Гүлденіп, нұрлана түс, мен келгенше, Көп ойлап, бәйшешегім, қалма солып. Қайырмасы.
|
Нотасы
|