Ақ жауын
Секен Тұрысбеков
  • Сәулем саған мен құмар

  • Жұрт сүйсінер әнің бар,
    Әзілің бар, назың бар,
    Жадыраған жаның бар,
    Жүрегіңде жалын бар.
    Туған айдай қасың бар,
    Сүмбіл қара шашың бар.
    Құлын мүсін талдырмаш,
    Кімге болар асыл жар!
    Қайырмасы:
    Көрерімде қалқаны,
    Оң қабағым тартады.

    Көлдей тұнық көзің бар,
    Өлең-жырдай сөзің бар,
    Гүлдеп тұрған кезің бар,
    Өзің шекер, өзің бал.
    Ерге бітпес еркің бар,
    Жанға бітпес көркің бар.
    Сен дегенде дертім бар,
    Сенің кімге сертің бар?
    Қайырмасы:
    Дауысыңа ел құмар,
    Сәулем саған мен құмар.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары