Қосбасар
Сүгір
  • Сәби болғым келеді

  • Құс та болғым келмейді, қанатым бар,
    Қанатым бар күмістен жаратылған.
    Сәби болғым келеді, сәби болғым,
    Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.

    Tap бесігі - кең жаһан, тарылмаған,
    Біреуге бар, біреуге табылмаған.-
    Сәби болғым келеді, сәби болғым,
    Ана сүті аузынан арылмаған.

    От та болғым келмейді, жылуым бар.
    Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар.
    Сәби болғым келеді, сәби болғым,
    Күн сәулесі ойнаған тұлымымда.

    Қанаттанып өмірге ұшарымда,
    Кесілмесін бәрібір тұсауым да.
    Сәби болғым келеді, сәби болғым,
    Сәбиі жоқ ананың құшағында.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары