Он сегіз жасар Балжан қыз
Қазанғап
  • Сағыныш екен бала кез

  • Армандай асыл ақ дәурен,
    Алыстап қалды-ау Қаракөз.
    Алаулап атқан таңдармен
    Келмейді-ау сол бір бала кез.

    Тырналар ұшып өткенде,
    Түседі-ау еске бала кез.
    Қызғалдақ көрсем көктемде,
    Түседі-ау еске Қаракөз.

    Аққу кеп қонса көліне,
    Түседі-ау еске Қаракөз.
    Тырналар қайтса еліне,
    Түседі-ау еске бала кез.

    Сағынған жақсы бір сәтті
    Сағыныш екен бала кез.
    Есіме алсам бір шақты
    Арманым екен Қаракөз.

    Армандай асыл ақ дәурен,
    Алыстап қалды-ау Қаракөз.
    Алаулап атқан таңдармен
    Келмейді-ау сол бір бала кез.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары