Шақырады көктем
|
Lyrics
Елестеттің көктемді гүл ашқан, Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан. Алыстарға жетеле, еремін, Сені ғана бақыт деп сенемін.
Қайырмасы: Арманымдай алдағы, Ақ шуақтай таңдағы Аялай бер арманым, аялай бер. Сандуғаштар жырлаған Көктемдерге бір барам Шақырады біздерді көгорай бел.
Қолыңды бер, жатсынба, арманым, Сәуледей боп аяла таңдағы. Шақырады жас көктем гүлімен, Шақырады жасыл бақ жырымен. Қайырмасы.
|
Notes
|
Шаттық жыры
|
Lyrics
Айнала көктем, айнала көктем гүл жарған Жұлдыз боп жайнап, жұлдыз боп ойнап, тұрды арман. Еседі самал, көшеді бұлттар, ақша бұлт Төбесі көкпен таласып тұрған шыңдардан.
Қайырмасы: Шаттанам да күлемін, Кеудемнен бұлақ өргендей. Шаттанам да күлемін, Бақыт кеп қолын бергендей.
Айналам бау-бақ, қиялым самғап кетті өрге, Жетсем-ау деймін көңілден ұшқан көктерге. Жетсем-ау деймін ақша бұлт көшкен шыңдарға, Жетсем-ау деймін көп күткен мені көктемге. Қайырмасы.
Еркелеп күнге, майысып билеп тұр гүлдер, Келсеңші дейді, бала күндегі құрбыңмен. Терсеңші дейді, гүлімді менің кең дала, Сондықтан, достар, гүл теріп бүгін жүрмін мен. Қайырмасы.
|
Notes
|
Ертіс вальсі
|
Lyrics
Тамылжыған, мүлгіген айлы түнде, Қызықтаймыз көктемнің суретіне. Біз келеміз Ертісте, тербелеміз, Көлеңкеміз түседі су бетіне.
Қайырмасы: Қасымдасың арманым, Алтын сәуле жан-жағым. Жырға толы жүрегім. Тыңда, жан жарым! Көгілдір көктем көңілім менің, Өзің сәулем, өзің сәулем, - Өмірім менің.
Өзің сәулем аңсарым шөлдегенде, Көңіл құсы сайрайды сен дегенде. Әзіліңе бір сенің, жаз үніңе Дүниенің бар көркін теңгерем бе. Қайырмасы.
|
Notes
|
Дос туралы жыр
|
Lyrics
Іздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Көріспесек сағыныштан жүдейтін, Кім бар жақын бала күнгі досыңнан.
Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңісіңді көрейін. Сырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін.
Қосы бұтағы секілденіп ағаштың, Қатар тұрып гүлімізді сан аштық. Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық, Адассақ та бірге жүріп адастық. Қайырмасы.
Өмір өзі арқамызға жүк салып, Бәрімізді қияларға жұмсады. Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде біз, Қатар жанған екі шамға ұқсадық. Қайырмасы.
|
Notes
|
Бейбітшілік жыры
|
Lyrics
Ормандар тыныштықты ұнатады, Армандар таңмен бірге гүл атады. Жасайды жарық күннің шұғыласында, Жасайды халық туған Ұлы Отаны.
Қайырмасы: Бейбіт күн – арманы адамның, Бейбіт күн – оқ атар саған кім? Бейбіт күн – жалғасы арманның, Бейбіт күн – жолдасы жаңа әннің.
Қалалар қамсыз шамын жаға берсін, Балалар мектебіне бара берсін. Ініні ағалары жетелесін, Баланың бар қызығын ана көрсін. Қайырмасы.
|
Notes
|
Бесік жыры
|
Lyrics
Сен жүрер деп алдыңда жолың жатыр, Атқа мінсең, атаңдай болған батыр.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай!
Орман, тоғай жайнайды сені күтіп, Бұлбұл әнге салады сан құбылтып.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай!
Тауға шықсаң атаға гүл ала кел, Алдың ашық, жан бөпем, қуана бер.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай!
Әнге, күйге әрқашан толы бауың, Мектебің де соғады қоңырауын.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай!
Сен алысқа кеткенде сағынамын, Ұйықтап қалдың біткенше менің әнім.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай!
|
Notes
|
Туған жер
|
Lyrics
Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн, Анам сенсің, жолдан тайсам ұрсатын. Саған қарай ұшып келем, ұшып келем, туған жер, Көктем жаққа құстар солай, құстар солай ұшатын.
Қайырмасы: О, туған жер, қадіріңді кім білген, Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген. Сенде өткізген артық екен, артық екен бір күнім, Басқа жерде той тойлаған, той тойлаған мың күннен.
Қайда жүрсем ойлап сені жүремін, Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім. Саған ғана арқамды мен, арқамды мен сүйедім, Саған ғана аяғымды, аяғымды тіредім. Қайырмасы.
Кетсем сенен алысырақ жыраққа, Мен өзіңді көрмесем-ақ бір апта. Жүдеп қалам, ұқсап қалам, ұқсап қалам сонда мен Құяр жерін таба алмаған, таба алмаған бұлаққа. Қайырмасы.
|
Notes
|
Жағадағы ару қыз
|
Lyrics
Теңселеді көк теңіз, Шарықтайды шағала. Асығады толқындар, Асығады жағаға.
Өңкей асыл күмістер, Күн көзінде ойнайды. Жағадағы ару қыз Әлденені ойлайды.
Жүрегінде арудың, Дауыл әлде бар ма екен? Неге сәл-сіл мұңайып, Неге ойланып қалды екен?
|
Notes
|