-
Бейбітшілік жыры
-
Ормандар тыныштықты ұнатады,
Армандар таңмен бірге гүл атады.
Жасайды жарық күннің шұғыласында,
Жасайды халық туған Ұлы Отаны.
Қайырмасы:
Бейбіт күн – арманы адамның,
Бейбіт күн – оқ атар саған кім?
Бейбіт күн – жалғасы арманның,
Бейбіт күн – жолдасы жаңа әннің.
Қалалар қамсыз шамын жаға берсін,
Балалар мектебіне бара берсін.
Ініні ағалары жетелесін,
Баланың бар қызығын ана көрсін.
Қайырмасы. -
Category:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары