Атадан мұра
Нұрғиса Тілендиев
  • Дос туралы жыр

  • Іздегенде табылатын қасыңнан,
    Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
    Көріспесек сағыныштан жүдейтін,
    Кім бар жақын бала күнгі досыңнан.

    Қайырмасы:
    Жан досым, үстем болсын мерейің,
    Әрқашан жеңісіңді көрейін.
    Сырымыз да бітпесін,
    Жырымыз да бітпесін,
    Жырымыз да бітпесін.

    Қосы бұтағы секілденіп ағаштың,
    Қатар тұрып гүлімізді сан аштық.
    Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық,
    Адассақ та бірге жүріп адастық.
    Қайырмасы.

    Өмір өзі арқамызға жүк салып,
    Бәрімізді қияларға жұмсады.
    Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде біз,
    Қатар жанған екі шамға ұқсадық.
    Қайырмасы.

  • Category:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары