Ер исатай
|
|
Lirycs
Тұяғы ақтабанның сатырлаған Мінекей төсін керіп жатыр далам, Найзағай жарық еткенде жалт қараймын Қылышың сермелді ау деп батыр бабам,
Есімің ұлы ерлікке шақырғандай Қанымды тұла бойда сапырғандай, Қара аспан күркіресе селік етемін Рухың жасықсың деп ақырғандай.
Неткен сен Ер-Исатай қайраттысың Халқыңа неткен сабақ айбатты ісің Әліде тірі жүрген Геккелерге, Тұрғандай алып тұлғаң қайрап тісің. Жаралған жоқпедіңдер от жалыннан Түңілер ел болсаңшы жат жадынан, Қиқулап қылыш найза ұстау түгіл Ұстауды ұмыттыңдар ат жалынан.
Кетседе ақын қаптап жаһан бетін, Өлеңде сендердегі мақам жетім. Бйік тұр барлығңнан дегендеисің, Кешегі менің жалғыз Махамбетім.
Ер бабам еңсең зәулім еріксің сен, Тарих төріндегі терексің сен. Айбар ғып айбалтадай ұстау үшін, Қашанда қазағыма керексің сен.
|
Notes
|
Еркетайым
|
|
Lirycs
Кең даланың кер маралы, күн қызығар келбетіңе, Келші бермен – тигізбейін жел бетіңе. Келші бермен, еркетайым, Бірге шалқып, бір күлейік, Қос аққудай бір жүрейік.
Көк аспанның күмбезінде жаңа туған ай секілді Ақ дидарың нұр таратсын жер бетіне. Келші бермен, еркетайым, Бірге шалқып, бір күлейік, Қос аққудай бір жүрейік.
Кер даланың кер маралы, жалт еткенде көз жанарың, Елжіретер жан-жүрегін бозбаланың. Келші бермен, еркетайым, Бірге шалқып, бір күлейік, Қос аққудай бір жүрейік.
Балбыраған балаусадай енші менің құшағыма, Деп жүрейін мәңгі-бақи өз қарағым. Келші бермен, еркетайым, Бірге шалқып, бір күлейік, Қос аққудай бір жүрейік.
|
Notes
|
Ертіс вальсі
|
|
Lirycs
Тамылжыған, мүлгіген айлы түнде, Қызықтаймыз көктемнің суретіне. Біз келеміз Ертісте, тербелеміз, Көлеңкеміз түседі су бетіне.
Қайырмасы: Қасымдасың арманым, Алтын сәуле жан-жағым. Жырға толы жүрегім. Тыңда, жан жарым! Көгілдір көктем көңілім менің, Өзің сәулем, өзің сәулем, - Өмірім менің.
Өзің сәулем аңсарым шөлдегенде, Көңіл құсы сайрайды сен дегенде. Әзіліңе бір сенің, жаз үніңе Дүниенің бар көркін теңгерем бе. Қайырмасы.
|
Notes
|
Әже туралы ән
|
|
Lirycs
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған, Сағынышым – сары ормандай самсаған. Әке болып жүргенімді ұмытып, Әлі күнге еркелеймін мен саған.
Құлындаймын асыр салған аңғарда, Қозыдаймын ойнақтаған албарда. Өзің барда қысылмаймын күлуге, Жылауға да қысылмаймын сен барда.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді, Мен өзіңнен қабылдаппын күюді. Сенің жаның жүрегіме ораулы, Менің жаным жаулығыңа түюлі.
Тұра тұршы түзелгенде бұзығың, Жүре тұршы жалғанғанда үзігің. Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау, Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!
|
Notes
|
Әлі есімде
|
|
Lirycs
Әлі есімде сәулештің тіл қатқаны, Сырласумен жазғы таңның атқаны. Таудан аққан мөлдір бұлақ сылдыры, Ақ қайыңның желмен сыбдыр қаққаны.
Қайырмасы: Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез, Көз алдымнан кетпей қойды-ау мөлдір көз!
Әлі есімде бұлтсыз әлем аспаны, Арман бізді алға апарып тастады. Қара шашың мойыныма оралып, Жерге тамған мөлдір көздің жстары. Қайырмасы.
Содан бері өтті, сәулем, талай күн, Әлсін-әлсін суретіңе қараймын. Тағдыр бізді алыстатты, қоспады, Сыры ғой бұл екеуміздей талайдың. Қайырмасы.
|
Notes
|
Әселім
|
|
Lirycs
Самалы жұпар жазғы бір кеште, Ойласам болды Ыстықкөл жақты. Айтылған сырлар түседі еске, Оятқан сонда ақ махаббатты.
Қайырмасы: Тулайды жүрек, толқындай шалқып Аңсайды жүрек, өзіңе тартып. Сағынтқан әнім, Әселім жаным, Сағынтқан әнім, Әселім жаным.
Тағдырмен қатар ойнатқан сонда, Қайдасың менің армансыз күнім. Бақ құсым едің, қонбадың қолға, Қапыда қалдым, зар толып үнім. Қайырмасы.
Алыссың, жатсың, білемін сәулем, Тағдырға нала не керек айтып. Өмірде сол бір жарқ еткен дәурен, Әселім, сірә, келер ме қайтып. Қайырмасы.
|
Notes
|
Әке туралы жыр
|
|
Lirycs
Жас едiм өмiрге еркiн бойламаған, Күнi ертең не боларын ойламаған. Шарықтап кетсем-дағы қанат кағып, Өзiңдей қамқор әке қайда маған.
Сүрінсем сынай қарап от жанарың, Сен мені жақтамадың, ақтамадың. Әрдайым осы қатал мінезіңнен, Күші алып мақсатыма аттанамын.
Жан әке, шертіп сезіп домбырасын, Кеудемді қуанышқа толтырасың. Арманның асқарына құлаш ұрсам, Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын, Кім мөлдір болса соның жолдасымын. Қуан сен, қуана бер, әкетайым, Мен сенің өміріңнің жалғасымын.
|
Notes
|
Әке даңқы
|
|
Lirycs
Тағылды төске гүл, Жас өмір гүлденді. Әкесіз өскен ұл Әке боп үлгенді. Бақыт пен арманның Жақындап арасы, Оқ жұлған тағдырдың Жазылды жарасы.
Ардақтап ел сені, Сақтайды көңілде. Әкежан, мен сені Қимаймын өлімге. Жасаурап жанары, Күн сайын елеңдеп, Қарт әжем сені әлі Күтеді келер деп.
Ұл бопсың мақтаулы, Жалындап лаулаған. Суретің сақтаулы Өзімнен аумаған. Кеудемде толқынды Жастығым тұрғанда. Мен сенің даңқыңды Жеткізем жылдарға.
|
Notes
|
Әлия туралы ән
|
|
Lirycs
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен, Әсем гүлін құшаққа жиып өскен. Аққу құстың бейне бір баласындай, Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен.
Қайырмасы: Әлияжан, сен қаладың Нұрлы өмірден биік арман. Ерке құсы кең даланың, Еркін өскен Әлияжан.
Туған елге дұшпандар оқ атқанда, Туған жерді қып-қызыл өрт жапқанда. Қару алып қорғадың намысыңды, Сені ажал тойтарып тоқтатқан ба!..
Қайырмасы: Алаулаған айдай жүзі, Өмірде өлмес әні қалған. Құралай көз қазақ қызы, Ерлігі асқан Әлияжан, Батыр қызы сен халқымның, Әлияжан, әлияжан.
|
Notes
|
Дариға, сол қыз
|
|
Lirycs
Өңімде ме еді, түсімде ме еді, Көріп ем ғой армандай қызды... Бір нәзік сәуле күлімдеп еді, Сұрапыл соғыс соқты да бұзды. Сапырды дауыл, тебіренді теңіз, Тулады толқын, шайқалды шың-құз, Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз, Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
Оқ тиді келіп, қайратым кеміп, Барамын сөніп, келмейді өлгім! Тұрғандай сол қыз жаныма келіп, Талпына берді, қайран жас көңілім! Барамын сөніп, барамын сөніп, Жұтар ма мені мына сұм соғыс? Арманым бар ма, өлсем бір көріп, Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
«Келмейді өлгім, келмейді өлгім, Қайратым қайда, келші осындайда». Дедім де тұрдым, жүгіре бердім, Қолымда найза, шағылып айға... Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым, Күркіреп күндей өтті ғой соғыс. Таба алмай жүрмін, айқалап ән сап, Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
|
Notes
|
Дархан дала
|
|
Lirycs
Ертегіден кемі жоқ ендігінің, Қызығын бір көрдік жер кеңдігінің. Домаланған киіз үй орынына Домналар алаулап кеді бүгін.
Қайырмасы: Ғарыш дала, әлем дала, өткен күнге алаңдама! Қызың қайсар, қызың сұлу, Ұлың батыр, ұлың дана!
Ертегіден кемі жоқ ендігінің, Қызығын бір көрдік жер кеңдігінің. Топырлаған құланның қонысына Темір тұлпар дүрілдеп келді бүгін! Қайырмасы.
Ертегіден кемі жоқ ендігінің, Қызығын бір көрдік жер кеңдігінің. Сайыпқыран самғаған сары жайлауға Зымырандар заулауға кеді бүгін! Қайырмасы.
|
Notes
|
Дос туралы жыр
|
|
Lirycs
Іздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Көріспесек сағыныштан жүдейтін, Кім бар жақын бала күнгі досыңнан.
Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңісіңді көрейін. Сырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін.
Қосы бұтағы секілденіп ағаштың, Қатар тұрып гүлімізді сан аштық. Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық, Адассақ та бірге жүріп адастық. Қайырмасы.
Өмір өзі арқамызға жүк салып, Бәрімізді қияларға жұмсады. Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде біз, Қатар жанған екі шамға ұқсадық. Қайырмасы.
|
Notes
|
Домбыра туралы баллада
|
|
Lirycs
Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында. Жүрегімнің, жүрегімнің, жүрегімнің дүрсілі Күмбірлеген домбырасы барында.
Қайырмасы: Бабамыздың мұңысын сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра, Қазағымның жүрегінен жаралған Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл үнсіз қалып көрмеген, Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген. Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер, Ғашықтардың көз жасындай пернеден. Қайырмасы.
Домбырадай шежіре жыр болмаған, Даламыздың тағдырларын толғаған. Армандарын, армандарын, армандарын халқымның, Аманат қып ұрпағына жолдаған. Қайырмасы.
|
Notes
|
Қазақ вальсі
|
|
Lirycs
Май туса, гүлдер шешек атса жазда, Тоғайда бұлбұл, көлде аққу, қаз да. Сайраса, біз жастар да нақ солардай Бақытқа бөленеміз сауық назға.
Қайырмасы: Бақыт нұрға оранса жер, аспан, Біздің жыр да бар жырға ұласқан. Махаббатты жырлаймыз біз жастар.
Сарқырап асау бұлақ ақса құздан, Алтын күн күлімдесе көкте қызған. Біз жастар күн нұрынан қуан алып, Жайнаймыз жарығырақ жұлдыздардан. Қайырмасы.
|
Notes
|
Қазақ дастарқаны
|
|
Lirycs
Амандықта әрдайым малмен жайың Көкжиектен арайлап атар таңың, Қонақ келсе ауылыңа кең жайылар Армысың қазақтың дастарқаны. Қайырмасы: Айнала желек тал болсын, Баланың тілі бал болсын Немересін әлдилеп Кемпірменен шал болсын. Тату тәтті тұратын Абысын келін бар болсын, Әзіліңді көтерер, Жеңгелері нар болсын. Сырыңды айтпай ұғатын, Қасыңда әсем жар болсын Бәрінен де жоқ жаман! Ағайын туыс бар болсын.
Әркашанда әнмен күй шабыт үшін! Жаны жайсаң қазақтай халық өссін! Қол соғайық отырған барша ағайын? Жас ұрпақтың келешек бақыты үшін. Қайырмасы.
|
Notes
|
Қазақстан туралы жыр
|
|
Lirycs
Алтай мен Атыраудың арасында, Елім бар, арайлы, алтын күннің аясында. Кең байтақ гүл-жақира қайда барсаң Бақытты өмір бар даласында, ауасында.
Қайырмасы: Партия туысқан – Бастаушы халықты. Жасай бер, Гүлстан Туған ел даңқты.
Құлақ сал Тың өлкенің дабылына, Қарашы ғажайып тасқын күштің ағынына. Еңбек пен достық отын ұқсатамын Балқаш пен Қарағанды, Теміртаудың жалынына. Қайырмасы.
Басына Алатаудың күн қонғандай Далаға көңілді асқақ ән мен күй толғандай. Толқыған бейбітшілік жалаулары, Еліме, жеріме нұр болғандай, гүл болғандай. Қайырмасы.
|
Notes
|
Қазақстан сәлемі
|
|
Lirycs
Мен тудым таң нұрында әсем жердің, Бақыттың бақшасындай әлем көрдім. Ән шалқып, күйі толқып бұрқап жатқан, Ақ жайық, қара Ертістен сәлем бердім.
Қайырмасы: Халқымыз бар әйгілі, Салтымыз бар әдемі. Ән боп жетер әр күні, Қазақстан сәлемі!
Тауында қыран самғап самалдаған, Жаныңның жаз жайлауын табар саған. Байлық та, батырлық та мекендеген, Сәлем ал, өр Алтайдан, Сарыарқадан! Қайырмасы.
Гүлімін өмір сүйген өрендердің, Үнімін кең даланың, өлеңші елдің. Құшақтап бар асылын, алтын күнін, Алатау, Қаратаудан сәлем бердім! Қайырмасы.
|
Notes
|
Қазақстан
|
|
Lirycs
Асқар таулар, бақша баулар әлемі, Қазақстан – ғажап өлке әдемі. Алатаудың жазылғандай шыңына, Ғасырлардың арманы мен сәлемі.
Қайырмасы: Қазақстан күлімдеген, Күншығыстан Қазақстан. Барлық елмен бір туысқан Қазақстан, Қазақстан.
Сары алтын боп сапырылған дәні бар, Қара бұлттай қаптап жатқан малы бар. Қазақстан – қазыналы бай өлке Қойынынан не керегің табылар. Қайырмасы.
Ту қып атын көтереді жаңа ұрпақ, Қарайды әлем келбетіне таңырқап. Қазақстан – байтақ дала елімді, Ақ нанымен жатыр бүгін жарылқап. Қайырмасы.
|
Notes
|
Бақыт құсы
|
|
Lirycs
Өзің болып мұнар сағым да, Өзің болып ұнар шағым да, Өзің болып құзыр дертім де, Өзің болып қызу өртім де, Өртім де сенің еркің де! Сырым болып сара сезім де, Жырым болып дара бір сөзім де, Нұрым болып қара көзім де, Бақыт құсын ұста сен өзің де! Өзің де одан безінбе!
Қайырмасы: Бар сауалым, Таң самалы, өзіңде. Пісіп тұрған, Түсіп тұрған кезіңде Кезіңде ерік бер сезімге!
Өзің болып табыспағым да, Өзің болып ағыс та, ағын да, Өзің болып аспан тауым да, Өзің болып баспана, бауым да, Бауымда, жаным, дамылда! Сырым болып сара сезім де, Жырым болып дара бір сөзім де, Нұрым болып қара көзім де, Бақыт құсын ұста сен өзің де! Өзің де одан безінбе!
Қайырмасы: Жасықтықтың, Ғашықтықтың азабы-ай! Көзіңде нұр, – Кезінде бір Нажағай! Махаббат ғажап-ай!
|
Notes
|
Бақыт вальсі
|
|
Lirycs
Арманым едің бір кез алыстағы, Жүрегім тыншымады танысқалы. Көңлімді көкке өрлетіп шарықтатқан, Бақытым сенсің осы вальстағы.
Қайырмасы: Бар бақытым өзіңде, Күлімдеген көзіңде. Күнім десең, Күлімде сен, Үміт беріп сезімге.
Жаныма ұшқын түсіп келбетіңнен, Махаббат бақшасында тербетілгем. Өзіңе өмір бойы теңгеретін, Таппаспын басқа жанды жер бетінен. Қайырмасы.
|
Notes
|