Он сегіз жасар Балжан қыз
Қазанғап
  • Әке туралы жыр

  • Жас едiм өмiрге еркiн бойламаған,
    Күнi ертең не боларын ойламаған.
    Шарықтап кетсем-дағы қанат кағып,
    Өзiңдей қамқор әке қайда маған.

    Сүрінсем сынай қарап от жанарың,
    Сен мені жақтамадың, ақтамадың.
    Әрдайым осы қатал мінезіңнен,
    Күші алып мақсатыма аттанамын.

    Жан әке, шертіп сезіп домбырасын,
    Кеудемді қуанышқа толтырасың.
    Арманның асқарына құлаш ұрсам,
    Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

    Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,
    Кім мөлдір болса соның жолдасымын.
    Қуан сен, қуана бер, әкетайым,
    Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

  • Category:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары