Темірбектің төкпесі
  • Әке даңқы

  • Тағылды төске гүл,
    Жас өмір гүлденді.
    Әкесіз өскен ұл
    Әке боп үлгенді.
    Бақыт пен арманның
    Жақындап арасы,
    Оқ жұлған тағдырдың
    Жазылды жарасы.

    Ардақтап ел сені,
    Сақтайды көңілде.
    Әкежан, мен сені
    Қимаймын өлімге.
    Жасаурап жанары,
    Күн сайын елеңдеп,
    Қарт әжем сені әлі
    Күтеді келер деп.

    Ұл бопсың мақтаулы,
    Жалындап лаулаған.
    Суретің сақтаулы
    Өзімнен аумаған.
    Кеудемде толқынды
    Жастығым тұрғанда.
    Мен сенің даңқыңды
    Жеткізем жылдарға.

  • Category:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары