Көңіл толқыны
Секен Тұрысбеков

Спектакльдің соңында концерт қою әдісі қуыршақ театрында да болды. Сондықтан домбырашы, халық өнерпазы Жақия Жақымбаев алғашында ән айту үшін театрға алынып, кейін қуыршақ өнерін үйренуге көңіл аударды. Оның сауаты жоқ болғандықтан кейіпкерлердің сөзін өзгелерге оқытып, тез жаттап алатын қасиетіне таң болған. Театрда М.Ғалиулина, Ш.Қадыров сияқты актерлердің орны ерекше еді. Директор Н.Омари драма театрынан С.Телғараев пен Қ.Бадыровты театр өнерін дамыту мақсатымен қол ұшын беруге шақырған. Осы актерлердің көмегімен қазақ труппасының өз бетінше қойған «Алдар көсе мен Шығайбай» (сахналық жүйе авторы Бычков) спектаклі сахнаға шықты.

Толығырақ:
Алыс және жақын шет елдерден қуыршақ театрлары келіп өнер көрсеткені жақсылық болғанмен фестивальді ұйымдастырушылардың іріктеу жасамағандығы, өткізу барысында мерекеге дұрыс дайындықтың болмағандықтары айдан анық көрініп тұрды
Толығырақ:
Тәуелсіздік жылдарында театрлар репертуарын саяси ірі кезеңдер, тұтас бір халықтың қоғамдық-әлеуметтік, психологиялық-моральдық ахуалына жауапты, тарих төрінен орын алған тұлғалардың көркем бейнелері суреттелген пьесалар маңызды орында тұрды
Толығырақ:
Қазақтың белгілі тұлғалары Махамбет, Абай, Кенен және т.б. ақын, әнші, жыршы туындыларының бір бөлігін құрайтын күй өнері, Жамбыл шығармашылығында да ерекше орын алады. Жамбылдың күйшілік өнері туралы деректерді баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалардан келтіруге болады
Толығырақ: