Зайсан көлі
|
Әндері
Құмарлана зәмзәм татқан
Туған өңір жайсаң белі,
Толқын атқан, шалқып жатқан
Зайсан көлі, Зайсан көлі.
Бейне теңіз сыры терең,
Суына лап қойсам ба еді.
Күмбірлеген, күй тербеген
Зайсан көлі, Зайсан көлі.
Айдынында қайнап еңбек,
Ескен шаттық майса лебі.
Шақырады «кел, маған» деп
Зайсан көлі, Зайсан көлі.
Туған аулым сағынғанда
Кейде есіме алсам сені.
Көз алдымда тоқын шұғыла
Зайсан көлі, Зайсан көлі.
|
Нотасы
|
Ұстазым
|
Әндері
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс, жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда жүрер жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Зердемді сен ашпасаң не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.
Қайырмасы.
Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа, қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім!
Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Панфиловшылар жыры
|
Әндері
Отты жылдар өртеді, өтті қан майдан да, Сыр шерткендей күй болып бүгін қартайғанда. Гвардия анты – жеңуді бізге үйреткен күш, Гвардия даңқы ту болып, жауды күйреткенбіз. Гвардия даңқы, Гвардия анты, Гвардия анты – жеңуді бізге үйреткен күш, Гвардия даңқы ту болып, жауды күйреткенбіз.
Жорықтарда оқ жұтқан қандас, достас жанбыз, Жастық шақпен жас жетпей сонда қоштасқанбыз. Гвардия анты – жау алмас болат, берік қорған, Гвардия даңқы солдатқа қуат, серік болған. Гвардия даңқы, Гвардия анты, Гвардия анты – жау алмас болат, берік қорған, Гвардия даңқы солдатқа қуат, серік болған.
Өмір жауы айқаста өзі мола тапты, Тартып алдық ажалдан сені – болашақты. Гвардия анты – ерлікке шыңдап, солдат жеңген, Гвардия даңқы – өлмеске мәңгі мандат берген.
|
Нотасы
|
Партизандар достығы
|
Әндері
Шайқасты отты жүрек жарқын жандар, Қапаста пана болып қалың орман. Жайратып жүрді жауын партизандар, Қыранша тұтқиылдан салып ойран.
Қайырмасы: Батыр жүрек жарқын жандар – Құдіретті партизандар. Отан үшін отқа оранып, Отан үшін жан қиғандар.
Ел кегін арқалаған асыл жандар, Айқасты қасиетті арман үшін. Ажалмен арпалысып партизандар, Елінің қорғап шықты ар-намысын. Қайырмасы.
Ерлерге арналды бұл көңілді жыр, Достықтың туы берік ел күшіндей. Жерінде әр халықтың ескерткіш тұр, Мызғымас сол бірліктің белгісіндей. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Шекарада ағалар
|
Әндері
Шекарада күзетте, Қас қақпайды ағалар. Балбыраймыз тқсекте, Біз алаңсыз балалар.
Маздап бейбіт жанады от, Қаймықпаймыз қауіптен. Ұшқыр біздің самолет, Жүйрік біздің танктер.
Армиямыз айбынды, Армиямыз қаһарлы! Күзетеді Ай нұрлы, Күн сәулелі Отанды.
|
Нотасы
|
Ойыл вальсі
|
Әндері
Кел біздің Ойыл, Қиыл саламызға, Жан сая самал өскен даламызға. Байлаулы балдай тәтті бағланымыз, Сар қымыз сапырулы сабамызда.
Қайырмасы: Қыры қырман қайнаған, Ойы думан шалқыған. Атамекен туған жер, Айналайын Ойыл деген, Ойыл деген даңқыңнан!
Сыңсыса су бойында бақтарымыз, Сай күміс өсті қырда ақ тарымыз. Ай жатып аулымызды араласаң, Белдеуде дәйім дайын аттарымыз. Қайырмасы.
Жез таңдай желдей ескен жыршымыз бар, Ойнаған он саусағы күйшіміз бар. Қыздырған қыруар жігіт делебесін Қынай бел, қаз омырау бишіміз бар. Қайырмасы.
Елім бай жаны жомарт жастарыма, Жерім бай жеңістердің дастанына. Ардақтап ата Шоқан аруағын, Тартамыз талай табыс асқарына. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Орамал
|
Әндері
Сағынғанда жарыңа Жіберіпсің орамал. Жабырқасам, жаныма – Жәрдем берген сол – аужал. «Сәулеме» деп жазылған Орамалда сөзің тұр. Сонда сенің сағынған Мөлдіреген көзің тұр.
Жалғыз ауыз сөзіңді Дәрмен көріп жаттаймын. Қайда жүрсем өзіңді Көкіректе сақтаймын. Сақтай-сақтай жүремін Төс қалтамнан шығармай. Жүрегің мен жүрегім Бірге соғып тұрғандай.
|
Нотасы
|
Маржан қыз
|
Әндері
Асқақтата салғаным жайлау әні, Баққан малым жайлаудың болған сәні. Қай жерімнен мін таптың, қалқатайым, Менің жазған хатыма жауап кәне?
Қайырмасы: Кездескен күн есімде, Айлы жаздың кешінде. Еске сақта, қалқатай, Айта берем несіне.
Жайлау қандай, жаз қандай, өзім қандай, Көрген адам біздерге таңданғандай. Жалғыз жүріп есіме сен түскенде, Қарсы алдымнан болады шам жанғандай. Қайырмасы.
Кездесіп ек колхоздың айлы түні, Құлағымнан қалқаның кетпейді үні. Шығасың ба алдымнан, шықпайсың ба, Москвадан Жұлдыз ап келген түні?! Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Әлі есімде
|
Әндері
Әлі есімде сәулештің тіл қатқаны, Сырласумен жазғы таңның атқаны. Таудан аққан мөлдір бұлақ сылдыры, Ақ қайыңның желмен сыбдыр қаққаны.
Қайырмасы: Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез, Көз алдымнан кетпей қойды-ау мөлдір көз!
Әлі есімде бұлтсыз әлем аспаны, Арман бізді алға апарып тастады. Қара шашың мойыныма оралып, Жерге тамған мөлдір көздің жстары. Қайырмасы.
Содан бері өтті, сәулем, талай күн, Әлсін-әлсін суретіңе қараймын. Тағдыр бізді алыстатты, қоспады, Сыры ғой бұл екеуміздей талайдың. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Қазақстан сәлемі
|
Әндері
Мен тудым таң нұрында әсем жердің, Бақыттың бақшасындай әлем көрдім. Ән шалқып, күйі толқып бұрқап жатқан, Ақ жайық, қара Ертістен сәлем бердім.
Қайырмасы: Халқымыз бар әйгілі, Салтымыз бар әдемі. Ән боп жетер әр күні, Қазақстан сәлемі!
Тауында қыран самғап самалдаған, Жаныңның жаз жайлауын табар саған. Байлық та, батырлық та мекендеген, Сәлем ал, өр Алтайдан, Сарыарқадан! Қайырмасы.
Гүлімін өмір сүйген өрендердің, Үнімін кең даланың, өлеңші елдің. Құшақтап бар асылын, алтын күнін, Алатау, Қаратаудан сәлем бердім! Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Бейбітшілік сақталады
|
Әндері
Әлем сүйген салтымыз бар – Бейбітшілік ел ұраны. Өмір сүйген халқымыз бар – Бейбіт елдің біз ұланы.
Қайырмасы: Халықтар өмірді қорғайды, Әділет ұранын қолдайды. Шырқаңдар, кел достар, әр елде: Бейбіт күн жасасын әлемде!
Қорғау үшін өмір көркін – Бүгіннен де ертең нұрлы. Болдырмаймыз соғыс өртін, Достар берік сапқа тұрды. Қайырмасы.
Ел ұраны мәңгі анық – Әр жүректе жатталады. Қолға алса барлық халық Бейбітшілік сақталады. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Сағыныш екен бала кез
|
Әндері
Армандай асыл ақ дәурен, Алыстап қалды-ау Қаракөз. Алаулап атқан таңдармен Келмейді-ау сол бір бала кез.
Тырналар ұшып өткенде, Түседі-ау еске бала кез. Қызғалдақ көрсем көктемде, Түседі-ау еске Қаракөз.
Аққу кеп қонса көліне, Түседі-ау еске Қаракөз. Тырналар қайтса еліне, Түседі-ау еске бала кез.
Сағынған жақсы бір сәтті Сағыныш екен бала кез. Есіме алсам бір шақты Арманым екен Қаракөз.
Армандай асыл ақ дәурен, Алыстап қалды-ау Қаракөз. Алаулап атқан таңдармен Келмейді-ау сол бір бала кез.
|
Нотасы
|
Ақ қайыңдар
|
Әндері
Ақ қайыңдар жапырағы көлбеген, Ақ қайыңдар сырласады желменен. Ақ қайыңдар жайқалады жаз сайын, Ақ қайыңдар жас өмірдей өрлеген.
Ақ қайыңдар көңілімнің гүлі еді, Ақ қайыңдар мәңгі есімде жүреді. Жүрегімде ұялаған бір сыр бар, Сол сырды тек ақ қайыңдар біледі.
|
Нотасы
|
Аққуым
|
Әндері
Аққуым аспанда емес, жерде менің, Үніне тоқсан түрлі тербелемін. Келгенде шын айтуға, сыр айтуға, Болып жүрген көктен алыс жер дегені.
Қайырмасы: Сен жырлайсың гәкку деп, Мен жырлаймын аққу деп. Саған ғана құмармын, Болса-дағы аққу көп.
Аққуым аспанда емес, жер бетінде, Сұлулық тұр тояттап көл бетінде. Сол болып түн ұйқымды төрт бөледі, Оятып таңда бұлбұл, жел де түнде. Қайырмасы.
Қайтейін, төзем-дағы мен дертіме, Тимесін аққуымның жел бетіне. Дауысын жүрегімнің естіп бірде, Әндетіп жүрсе болды жер бетінде! Қайырмасы.
|
Нотасы
|