Атадан мұра
Нұрғиса Тілендиев
  • Маржан қыз

  • Асқақтата салғаным жайлау әні,
    Баққан малым жайлаудың болған сәні.
    Қай жерімнен мін таптың, қалқатайым,
    Менің жазған хатыма жауап кәне?

    Қайырмасы:
    Кездескен күн есімде,
    Айлы жаздың кешінде.
    Еске сақта, қалқатай,
    Айта берем несіне.

    Жайлау қандай, жаз қандай, өзім қандай,
    Көрген адам біздерге таңданғандай.
    Жалғыз жүріп есіме сен түскенде,
    Қарсы алдымнан болады шам жанғандай.
    Қайырмасы.

    Кездесіп ек колхоздың айлы түні,
    Құлағымнан қалқаның кетпейді үні.
    Шығасың ба алдымнан, шықпайсың ба,
    Москвадан Жұлдыз ап келген түні?!
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары