Аққу
Нұрғиса Тілендиев
  • Бейбітшілік сақталады

  • Әлем сүйген салтымыз бар –
    Бейбітшілік ел ұраны.
    Өмір сүйген халқымыз бар –
    Бейбіт елдің біз ұланы.

    Қайырмасы:
    Халықтар өмірді қорғайды,
    Әділет ұранын қолдайды.
    Шырқаңдар, кел достар, әр елде:
    Бейбіт күн жасасын әлемде!

    Қорғау үшін өмір көркін –
    Бүгіннен де ертең нұрлы.
    Болдырмаймыз соғыс өртін,
    Достар берік сапқа тұрды.
    Қайырмасы.

    Ел ұраны мәңгі анық –
    Әр жүректе жатталады.
    Қолға алса барлық халық
    Бейбітшілік сақталады.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары