Кездесейік
|
|
Әннің созі
Он жыл бұрын нұрға толы жанымыз, Арман қуып кеткен едік бәріміз. Он күндей боп он жыл өтті, кездестік, Бас қосуға арналады әніміз.
Қайырмасы: Достар, достар кетсек те біз есейіп, Бар қызығын өмірдің бір кешейік. Он жыл өтсін, жыл жиырма, жүз жыл өтсін, Амандықпен әрқашан кездесейік. Кездесейікғ жүздесейік
Меруерт толы, маржан толы көңілден, Бал бақыттың әсем әні төгілген. Дүниеге кірпіш болып қаланып Орнымызды таптық бүгін өмірден. Қайырмасы.
Бір ұядан түлеп ұшқан құстарымыз, Жақсылық пен адалдыққа құштармыз. Еңбекпенен тіршілікке сән беріп, Достық туын әркез биік ұстармыз. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Кезікпей келген бейне ме ең
|
|
Әннің созі
Ардағым ба едің, Арманым ба едің, Кезікпей келген бейне ме ең. Арайлы әсем, Таңдарым менің, Кеш көрдім бе екем дей берем.
Ән болып келдің, Сән-көрік бердің, Қарадым үнсіз ұрланып. Өзіңді қалқам, Таң болып көрдім Кеткендей кеудем нұрланып.
Мөп-мөлдір көзің, Төккен нұр сезім, Лаулатты бойда жалынды. Қалар ем үнсіз, Жетпейді-ау төзім, Өрт шалды, қалқам, жанымды.
Үн қатпай саған, Тыңдатпай тағы ән, Қиялға батам кейде мен. Жанымды қалай, Жырлатпай қалам, Кешіктім бе әлде дей берем.
|
Нотасы
|
Келші айым
|
|
Әннің созі
Көрікті көл беті, Көк елес көлбеді. Мен тұрмын жағада жабырқау. Ай нұры арайлы, Айдынға тарайды, Сүйіктім келер ме, япыр-ау?
Айдын көл сен айтшы, Самал жел сен айтшы, Жарыма құс болып ұшайын. Бір хабар берші айым, Жақындап келші айым, Лапылдап мәңгі құшайын.
Айым боп қалқыдың, Қайың боп балқыдың, Қызықты көктемнің кешінде. Жарасты үніміз, Жарасты жырымыз, Тербелдік айдын көл төсінде.
Гүлім боп аңқыдың, Нұрым боп шалқыдың, Өртеді тәнімді от лебің. Бақытты шақтарда, Жақұтты бақтарда, Өзіңмен бірге көктедім.
|
Нотасы
|
Космонавтар
|
|
Әннің созі
Алыс Ай, шалғай Шолпан, шексіз аспан, Қозғаған сан қиялды бала жастан. Адамзат ғасыр бойы етіп арман, Тудырған талай аңыз, талай дастан.
Қайырмасы: Космонавт, қос қанат, Самға, самға Марсқа! Космонавт, қос қанат, Самға, самға алысқа!
Күн туды көкте қанат қағатұғын, Сырына алыс аспан қанатұғын. Айналып алтын Айды, күміс Күнді, Игеріп космосты да алатұғын. Қайырмасы.
Басталды Байқоңырдан ұлы сапар, Аттанды космонавтар қатар-қатар. Бір кезде галактика арасында Сызылып біздің ерлер ізі жатыр. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Кешкі әуен
|
|
Әннің созі
Сәулесі күннің таулардан асып, Алқызыл бояу барады батып. Сәлден соң енді арайлы шуақ, Ең соңғы нұрын қалады шашып.
Қайырмасы: Маужырап мүлгиді кең дала, Сыбырлап сыр шертер жел ғана. Шырқашы, даусыңды аңсадым, Барлығын айтады ән ғана.
Шырқалса кешкі сенің бір әнің, Ашады нәзік көңілдің әрін. Мұңая берме, күрсінбе, жаным, Әнге қос әсем өмірдің жазын. Қайырмасы.
Ойларға шомып жатады таулар, Далаға нұрын шашады шамдар. Күн батты ғой деп мұңайма қалқам, Шығыстан тағы атады таңдар. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Күтем сені күнсайын
|
|
Әннің созі
Күте-күте, құрбым, күнде, Күйіп жандым өрт болып. Жол бойында тұрмын міне, Екі көзім төрт болып.
Қайырмасы: Жүзім менің жайраңдаған Жабығады, келмесең. Көру сені – мейрам маған, Қайғырамын, көрмесем! Көру сені – мейрам маған, Қайғылымын, көрмесем!
Сенсің қайғы, бақытым да, Сенсің жұлдыз, айым да! Оралмасаң уақытында, Батамын мен уайымға Қайырмасы.
Құятұғын көңілге нұр Күн де өзіңсің шуақты. Менің үшін бүкіл өмір Сені күту сияқты! Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Күткенде
|
|
Әннің созі
Ай, жұлдыздан аспанда нұр жанғанда, Қызғалдақ пен бәйшешек гүл жарғанда. Келем деген жеріңде күтіп тұрмын, қалқатай, Күткен қиын сарғайып тұрған жанға.
Күтіп тұрмын өзіңді қайда жүрсің, Әлде маған табылмас арманбысың?! Келесің бе, білмеймін, келмейсің бе, қалқатай? Көрінші бір жарқ етіп, арман құсым.
Куә болсын сан жұлдыз, ашық айым, Бір өзіңде нұр болып шашырайын. Үмітімнің отындай бір көрінші, қалқатай, Күн жайлаған аспандай ашылайын.
|
Нотасы
|
Кім едің сен
|
|
Әннің созі
Балғын жүзі албырап алау атқан, Балапандай қанатын жаңа қаққан. Кім едің сен, қалқам-ау, кім едің сен, Ақ сәулеге оранып бара жатқан.
Қайырмасы: Аққуымсың, әнбісің Күнде алдымнан шығатын. Алаулаған таңбысың Көз алдымда, Көз алдымда тұратын.
Аққуға ұқсап ойнаған айдын көлде, Орамалың желбіреп таңғы желге. Айдалада абайсыз жолыққандай, Жанарымнан жасқанып қалдың неге? Қайырмасы.
Күнде алдымнан шығасың таң алдында, Ақша бетің албырап алау нұрға. Кім едің сен, қалқам-ау, кім едің сен, Арман үшін, қалқам-ау, жаралдың ба?! Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Көгершін
|
|
Әннің созі
Ақ көгершін, көгершін, Қолқанат құс сен едің. Бар, кезіп қайт ел үшін. Кең дүниенің көлемін. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан Бақыт болып қоншы деп, Ұшырамын қолымнан.
Қайырмасы: Ел тілегін алып ұш, Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш, Мұхиттың арғы жағына.
Сенен көзін алмайды, Ақ ниетті бар адам. Ақ қанатың талмайды, Әділеттен жаралған. Тыныш – бейбіт өмірдің Белгісі боп қанат қақ. Әлемге ортақ көңілдің, Қайт шыңына қонақтап. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Көктем вальсі
|
|
Әннің созі
Жақсысың ғой, жасыл көктем, Жасыл көктем, жайдары. Көкшіл сәуле тасып көктен, Тағы да жер жайнады.
Манар тауда, терең сайда, Сайран салған сан қызық, Мәз боласың осындайда Шабыт шалқып, қан қызып.
Гүл табылмас жер бетінен Біздің жақтың гүліндей. Самал есіп тербетілген Жасыл мақпал түгіндей.
Біздің жақта түн жақсы ғой Келгенде сам жамырап, Нұрлы шуақ күн жақсы ғой Көкте жүзген жадырап.
Өмір мырза, көңіл дарқан, Жасыл жайсаң көктемде, Ән шырқайық келші, қалқам, Көктем көлбеп жеткенде.
Нұрын сепкен, гүлін төккен Өмір тағы жайнады, Жақсысың ғой, жасыл көктем, Жасыл көктем жайдары!
|
Нотасы
|