Аңсау
Нұрғиса Тілендиев
  • Көктем вальсі

  • Жақсысың ғой, жасыл көктем,
    Жасыл көктем, жайдары.
    Көкшіл сәуле тасып көктен,
    Тағы да жер жайнады.

    Манар тауда, терең сайда,
    Сайран салған сан қызық,
    Мәз боласың осындайда
    Шабыт шалқып, қан қызып.

    Гүл табылмас жер бетінен
    Біздің жақтың гүліндей.
    Самал есіп тербетілген
    Жасыл мақпал түгіндей.

    Біздің жақта түн жақсы ғой
    Келгенде сам жамырап,
    Нұрлы шуақ күн жақсы ғой
    Көкте жүзген жадырап.

    Өмір мырза, көңіл дарқан,
    Жасыл жайсаң көктемде,
    Ән шырқайық келші, қалқам,
    Көктем көлбеп жеткенде.

    Нұрын сепкен, гүлін төккен
    Өмір тағы жайнады,
    Жақсысың ғой, жасыл көктем,
    Жасыл көктем жайдары!

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары