Үміт
|
Lyrics
Жазғы түн пердесін жапқанда,
Бір жұлдыз жанады аспанда.
Сол менің көрінген үмітім,
Сол менің көңіліме ақ сәуле шашқан да.
Күлімдеп көгілдір көктемде,
Күн нұры сәулесін төккенде.
Сол менің аяулы үмітім,
Сол маған арманның ұшқынын сепкен де.
Жайқалған жайлаудың гүлісің,
Сайраған сандуғаш үнісің.
Аспанның, жердің де сәулесі,
Жарқырап жана бер, арайлы үмітім.
|
Notes
|
Партизандар достығы
|
Lyrics
Шайқасты отты жүрек жарқын жандар, Қапаста пана болып қалың орман. Жайратып жүрді жауын партизандар, Қыранша тұтқиылдан салып ойран.
Қайырмасы: Батыр жүрек жарқын жандар – Құдіретті партизандар. Отан үшін отқа оранып, Отан үшін жан қиғандар.
Ел кегін арқалаған асыл жандар, Айқасты қасиетті арман үшін. Ажалмен арпалысып партизандар, Елінің қорғап шықты ар-намысын. Қайырмасы.
Ерлерге арналды бұл көңілді жыр, Достықтың туы берік ел күшіндей. Жерінде әр халықтың ескерткіш тұр, Мызғымас сол бірліктің белгісіндей. Қайырмасы.
|
Notes
|
Елім бар
|
Lyrics
Елім бар кең даланы мекендеген, Оған мол парызым бар өтелмеген. Өр сезім, асқар ойлы арманым бар, Әлемнің аспанына жетем деген. Өзіңе әркім арнап асқақ әнін, Билейді қуанышы жас баланың. Қазақтың қасиетті даласында, Еліме еркелеймін, мақтанамын.
Қайырмасы: Ей! Атырау-Алтай арасын, Жайлаған елге қарашы, Сәулетті қазақ даласы.
Баураған байтақ дала, асқар тауы, Қойныңда келеді өсіп достар саны. Халқымның өз жеріндей пейлі де кең, Жайылған берекелі дастарханы. Отаным, туды өзіңде мол арманым, Білемін бақыт сенен таралғанын. Төрт бұрышын төңіректің кезсем-дағы, Өзіңдей ыстық жерді таба алмадым. Қайырмасы.
|
Notes
|
Әлі есімде
|
Lyrics
Әлі есімде сәулештің тіл қатқаны, Сырласумен жазғы таңның атқаны. Таудан аққан мөлдір бұлақ сылдыры, Ақ қайыңның желмен сыбдыр қаққаны.
Қайырмасы: Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез, Көз алдымнан кетпей қойды-ау мөлдір көз!
Әлі есімде бұлтсыз әлем аспаны, Арман бізді алға апарып тастады. Қара шашың мойыныма оралып, Жерге тамған мөлдір көздің жстары. Қайырмасы.
Содан бері өтті, сәулем, талай күн, Әлсін-әлсін суретіңе қараймын. Тағдыр бізді алыстатты, қоспады, Сыры ғой бұл екеуміздей талайдың. Қайырмасы.
|
Notes
|
Сәулем саған мен құмар
|
Lyrics
Жұрт сүйсінер әнің бар, Әзілің бар, назың бар, Жадыраған жаның бар, Жүрегіңде жалын бар. Туған айдай қасың бар, Сүмбіл қара шашың бар. Құлын мүсін талдырмаш, Кімге болар асыл жар! Қайырмасы: Көрерімде қалқаны, Оң қабағым тартады.
Көлдей тұнық көзің бар, Өлең-жырдай сөзің бар, Гүлдеп тұрған кезің бар, Өзің шекер, өзің бал. Ерге бітпес еркің бар, Жанға бітпес көркің бар. Сен дегенде дертім бар, Сенің кімге сертің бар? Қайырмасы: Дауысыңа ел құмар, Сәулем саған мен құмар.
|
Notes
|
Кешкі әуен
|
Lyrics
Сәулесі күннің таулардан асып, Алқызыл бояу барады батып. Сәлден соң енді арайлы шуақ, Ең соңғы нұрын қалады шашып.
Қайырмасы: Маужырап мүлгиді кең дала, Сыбырлап сыр шертер жел ғана. Шырқашы, даусыңды аңсадым, Барлығын айтады ән ғана.
Шырқалса кешкі сенің бір әнің, Ашады нәзік көңілдің әрін. Мұңая берме, күрсінбе, жаным, Әнге қос әсем өмірдің жазын. Қайырмасы.
Ойларға шомып жатады таулар, Далаға нұрын шашады шамдар. Күн батты ғой деп мұңайма қалқам, Шығыстан тағы атады таңдар. Қайырмасы.
|
Notes
|
Күткенде
|
Lyrics
Ай, жұлдыздан аспанда нұр жанғанда, Қызғалдақ пен бәйшешек гүл жарғанда. Келем деген жеріңде күтіп тұрмын, қалқатай, Күткен қиын сарғайып тұрған жанға.
Күтіп тұрмын өзіңді қайда жүрсің, Әлде маған табылмас арманбысың?! Келесің бе, білмеймін, келмейсің бе, қалқатай? Көрінші бір жарқ етіп, арман құсым.
Куә болсын сан жұлдыз, ашық айым, Бір өзіңде нұр болып шашырайын. Үмітімнің отындай бір көрінші, қалқатай, Күн жайлаған аспандай ашылайын.
|
Notes
|
Таң нұры
|
Lyrics
Шығыстан арайланып таң атады, Әлемге алтын нұрын таратады. Әлпештеп маңдайымды аймалайды, Анамның сипағандай алақаны. Күн сәуле нұрға бөлеп айдаланы, Әлдилеп ән билейді айналаны. Әркімге бейбіт еңбек құшақ жайып, Туған жер той-думанға айналады.
Қайырмасы: Маздатып өмірдегі тамашаны, Шығыстан сәуле шашып таң атады. Арайлы күн шуағы, Көңілден шаттық нұрын таратады.
Сәбидің күлкісіндей жымыңдаған, Жан болмас таң нұрыныа жылынбаған. Жеңістің жаршысындай алау шашқан, Туым бар мәңгібақи жығылмаған. Жайып сап туған жердің гүл шырайын, Көрсеткен дүниенің нұр шырағын. Көргім кеп тұрады ылғи ерте оянып, Осындай бейбіт таңның күн шуағын. Қайырмасы.
|
Notes
|
Туған ел
|
Lyrics
Байтақ дала – туған жердің, Қымбат маған әр тасы. Өзен, көлі, самал желі, Асқар тауы – баршасы. Бақыт нұры құшып мені Кең өлкеме тарқашы! Алшаң басып еркелеуім, Туған елдің арқасы.
Қайырмасы: Отаным, жайнай бер, Жазира, жерім, дарқан! Еркелеуім сенің арқаң, Сенің арқаң, туған ел!
Аспаныңда мен болайын, Ай, жұлдызды шарлаған. Еңбегіммен ер болайын, Барын саған арнаған. Бір өзіңдей кең болайын, Бақыт бердің сен маған. Қасиетіңнен айналайын, Туған елім – кең далам! Қайырмасы.
|
Notes
|
Ақ қайыңдар
|
Lyrics
Ақ қайыңдар жапырағы көлбеген, Ақ қайыңдар сырласады желменен. Ақ қайыңдар жайқалады жаз сайын, Ақ қайыңдар жас өмірдей өрлеген.
Ақ қайыңдар көңілімнің гүлі еді, Ақ қайыңдар мәңгі есімде жүреді. Жүрегімде ұялаған бір сыр бар, Сол сырды тек ақ қайыңдар біледі.
|
Notes
|