-
Сәулем саған мен құмар
-
Жұрт сүйсінер әнің бар,
Әзілің бар, назың бар,
Жадыраған жаның бар,
Жүрегіңде жалын бар.
Туған айдай қасың бар,
Сүмбіл қара шашың бар.
Құлын мүсін талдырмаш,
Кімге болар асыл жар!
Қайырмасы:
Көрерімде қалқаны,
Оң қабағым тартады.
Көлдей тұнық көзің бар,
Өлең-жырдай сөзің бар,
Гүлдеп тұрған кезің бар,
Өзің шекер, өзің бал.
Ерге бітпес еркің бар,
Жанға бітпес көркің бар.
Сен дегенде дертім бар,
Сенің кімге сертің бар?
Қайырмасы:
Дауысыңа ел құмар,
Сәулем саған мен құмар. -
Category:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары