Айжан-ай
|
Lirycs
Дарияның арғы жағы, бергі жағы, Жайқалған жағасында жапырағы. Жігіттің еш арманы болмас еді, Күлімдеп алдан шықса сүйген жары.
Қайырмасы: А-хау... Айжан-ай, Жас дәурен екі айналып келмес саған.
Дүниеде әркім жүрер кең болған соң, Ойнайды екі құрбы тең болған соң. Сырымды саған айтпай кімге айтамын, Сүйгенім, ғашық жарым сен болған соң. Қайырмасы.
|
Notes
|
Ақбақай
|
Lirycs
Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген, Қыз қайда құдашадай көзі күлген. Алыстан ат арытып келгенімде, Шақыртпай еш адамға өзі келген.
Қайырмасы: Ахау, сәулем-ай, өзі келген-ай, Ахау арман-ай.
Мыс та алтын, жез де алтын, алтын да алтын, Адамда сөз болмайды айтылмайтын. Сыртынан жүзін көріп қызыққанмен, Табылмас нағыз алтын жарқылдайтын. Қайырмасы.
|
Notes
|
Ақ ерке
|
Lirycs
Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда, Өткір қылыш, жүйрік ат жанға пайда. Ат сабылтып алыстан келгенімде, Қарсы алатын құрметпен сәулем қайда.
Қайырмасы: Ақерке, аман бол сен, Шыбыным, шыбыным, Ойналық кел, Шашбаулым, шашбаулым.
Тәтті сөзің көңілімді кетті басып, Айта алмадың тар жерде сырыңды ашып. Сені алтынға балаған құрбың едім, Қоштасайық бермен кел, құшақтасып. Қайырмасы.
|
Notes
|
Ақдариға
|
Lirycs
Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі, Айтайын мен бір сөзді ілдіргелі. Орныңнан әрі отырған бермен отыр, Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі-ай, Ақдариға ілдіргелі-ай.
Қолымда бір қамшым бар бунақтаған, Бәйгеден екі ат келер ойнақтаған. Жүрмісің есен-аман, беу қарағым, Көзіңнен айналайын жайнақтаған, Ақдариға ойнақтаған.
|
Notes
|
Ақ сұңқар
|
Lirycs
Жебесі шын күмістен садағымның, Әдеті осылай ма еді базарлымның. Несіне сөйлер сөздің іркілейін, Тұсына кез келген соң ажарлымның.
Қайырмасы: Ақ сұңқар неге қонбайсың, Дариға-ау, жайған торға.
Қарағым, айналайын қасың керік, Мал болсаң алар едім бәсің беріп. Мен саған басыбайлы бол демеймін, Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп. Қайырмасы.
Құдаша, құрамын тор жолыңызға, Ақ құс боп қонар болсаң қолымызға. Ақ құстың бәрі бірдей бола бермес, Қонбасын құладан құс сорымызға. Қайырмасы.
|
Notes
|
Ақкербез
|
Lirycs
Мінген атым астымда бұқпа қара, Ақ бетіңе шаң тисе ыққа қара. Деңгейінен аулыңның ән салайын, Танымасаң даусымды шық та қара.
Қайырмасы: Бетегелі белден боз, Уағдалы еді айтқан сөз. Айрылысар күн туды, Қош-есен бол айдай, Ақкербез, Ақкербез.
Сені ойласам жүрегім жанып барад, Отыра алмай екі аяқ талып барад. Бұл жалғанда қалайша шыдайын мен Екі көзің жаутаңдап қалып барад. Қайырмасы.
|
Notes
|
Ахау, Семей
|
Lirycs
Аспанда ай болмаса адасады, Көңілді көтермесе кір басады.
Қайырмасы: Ахау, Семей! Тіл мен көмей, Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.
Кеудесі жақсылардың алтын сандық, Сандықты кілт болмаса кім ашады! Қайырмасы.
Көшкенде жылқы айдаймын ақ табанмен, Болмайды жаман жақсы мақтағанмен. Қайырмасы.
Сүймесе несі қызық екі жастың, Күйеу боп босағаны аттағанмен?! Қайырмасы.
|
Notes
|
Япыр-ай
|
Lirycs
Жаз болса, жарқыраған көлдің беті-ау, Көгеріп көрінеді, япыр-ай, алыс шеті-ау. Дірілдеп толқын басқан мөлдір суың-ай, Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі-ей. Алтын бу айналы өңнің бетін жабар-ай, Ақ сәуле көктен төніп, япыр-ай, маржан тағар-ай. Есіме ақ сәулемді алған кезде-ау, Ақ моншақ жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар-ай.
|
Notes
|