-
Япыр-ай
-
Жаз болса, жарқыраған көлдің беті-ау,
Көгеріп көрінеді, япыр-ай, алыс шеті-ау.
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суың-ай,
Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі-ей.
Алтын бу айналы өңнің бетін жабар-ай,
Ақ сәуле көктен төніп, япыр-ай, маржан тағар-ай.
Есіме ақ сәулемді алған кезде-ау,
Ақ моншақ жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар-ай. -
Category:
Folk songs