Шақырады көктем
|
|
Lirycs
Елестеттің көктемді гүл ашқан, Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан. Алыстарға жетеле, еремін, Сені ғана бақыт деп сенемін.
Қайырмасы: Арманымдай алдағы, Ақ шуақтай таңдағы Аялай бер арманым, аялай бер. Сандуғаштар жырлаған Көктемдерге бір барам Шақырады біздерді көгорай бел.
Қолыңды бер, жатсынба, арманым, Сәуледей боп аяла таңдағы. Шақырады жас көктем гүлімен, Шақырады жасыл бақ жырымен. Қайырмасы.
|
Notes
|
Шалқар түні
|
|
Lirycs
Көл Шалқарға төнеді жұлдыздар, Жағасында келеді гүл қыздар. Ай нұрына шомылып аққудай, Жүр жұлдыздар, гүл өыздар,нұр қыздар.
Қайырмасы: Көл Шалөарда – көгілдір түн, Көл Шалқарда – көңілді түн. Көлбеген көл бетін ән тербесін.
Көл, кербезім, көл гүлін терейін, Ақ тұңғиық алқасын өрейін. Түн тамаша! Аулақта оңаша, Кел, мен саған ән салып берейін. Қайырмасы.
Жел таратсын әлемге ән сазын, Ел тыңдасын әдемі жан сазын. Көл толқыны көлбесін, тербесін, Ал қырмызы арайлы таң сазын. Қайырмасы.
|
Notes
|
Шаттық вальсі
|
|
Lirycs
Жаз келгенде гүлге толады туған даламыз, Күлімдеп біздер ән саламыз. Ұшқан құстай еркін шарықтап қанат қағамыз, Бақыт табамыз.
Қайырмасы: Гүл – жастық шақтың серігі, Гүл – махаббаттың көрігі. Жайнай берші жасыл бақта, Осынау шақта!
Құс келеді жырмен оятып ашық аспанды, Қуаныш тербейді жас жанды. Жарқын көктем шаттық шалқары, уақыт дастаны, Әнмен басталады. Қайырмасы.
|
Notes
|
Шаттық жыры
|
|
Lirycs
Айнала көктем, айнала көктем гүл жарған Жұлдыз боп жайнап, жұлдыз боп ойнап, тұрды арман. Еседі самал, көшеді бұлттар, ақша бұлт Төбесі көкпен таласып тұрған шыңдардан.
Қайырмасы: Шаттанам да күлемін, Кеудемнен бұлақ өргендей. Шаттанам да күлемін, Бақыт кеп қолын бергендей.
Айналам бау-бақ, қиялым самғап кетті өрге, Жетсем-ау деймін көңілден ұшқан көктерге. Жетсем-ау деймін ақша бұлт көшкен шыңдарға, Жетсем-ау деймін көп күткен мені көктемге. Қайырмасы.
Еркелеп күнге, майысып билеп тұр гүлдер, Келсеңші дейді, бала күндегі құрбыңмен. Терсеңші дейді, гүлімді менің кең дала, Сондықтан, достар, гүл теріп бүгін жүрмін мен. Қайырмасы.
|
Notes
|
Шекарада ағалар
|
|
Lirycs
Шекарада күзетте, Қас қақпайды ағалар. Балбыраймыз тқсекте, Біз алаңсыз балалар.
Маздап бейбіт жанады от, Қаймықпаймыз қауіптен. Ұшқыр біздің самолет, Жүйрік біздің танктер.
Армиямыз айбынды, Армиямыз қаһарлы! Күзетеді Ай нұрлы, Күн сәулелі Отанды.
|
Notes
|
Шапибай-ау
|
|
Lirycs
Дегенде Шапибай-ау, Шапибай-ау, Атымды талға байлап, келдім жаяу. Атымды талға байлап келсем жаяу, Шапи қыз жатыр екен, ұйқылы-ояу.
Боз үйге ай сәулесі нұрын төгед, Шапи қыз сәлем айтып келсін деп ед. Шомылған айдын көлде аққудай боп, Бұраң бел сылаң етіп шыға келед.
|
Notes
|
Шилі өзен
|
|
Lirycs
Айналайын атыңнан, алтыным-ай, Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай.
Қайырмасы: Шилі өзен қамыс-ай, Бізді ойлай жүр, таныс-ай.
Сіз дария болғанда, мен қоңыр қаз, Бауырым төсеп бетінде қалқыдым-ай. Қайырмасы
Айналайын қарағым, кекілдім-ай, Балапаны аққудың секілдім-ай. Қайырмасы.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ», Қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай. Қайырмасы.
|
Notes
|
Шынар-ай
|
|
Lirycs
Қаратаудың басынан арша ап жүрмін, Көтере алмай аршамды шаршап жүрмін.
Қайырмасы: Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай, Қайткенде көңілім тынар-ай.
Кішкентайдан бірге өскен, қарағым-ай, Көре алмастан жүзіңді аңсап жүрмін. Қайырмасы.
Айналайын қарағым, орта бойлым, Сары майдан айырып торта қойдым. Қайырмасы.
Жаңа ғана жүзіңді көрсем-дағы, Күлімкөз деп атыңды жорта қойдым.
Қайырмасы: Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай, Қайткенде көңілім тынар-ай. Зибаш-ай, қасыңның қара қиғашы-ай. Құрбыңды сәулем сыйлашы-ай.
|
Notes
|