Бақыт құсы
|
|
Lirycs
Өзің болып мұнар сағым да, Өзің болып ұнар шағым да, Өзің болып құзыр дертім де, Өзің болып қызу өртім де, Өртім де сенің еркің де! Сырым болып сара сезім де, Жырым болып дара бір сөзім де, Нұрым болып қара көзім де, Бақыт құсын ұста сен өзің де! Өзің де одан безінбе!
Қайырмасы: Бар сауалым, Таң самалы, өзіңде. Пісіп тұрған, Түсіп тұрған кезіңде Кезіңде ерік бер сезімге!
Өзің болып табыспағым да, Өзің болып ағыс та, ағын да, Өзің болып аспан тауым да, Өзің болып баспана, бауым да, Бауымда, жаным, дамылда! Сырым болып сара сезім де, Жырым болып дара бір сөзім де, Нұрым болып қара көзім де, Бақыт құсын ұста сен өзің де! Өзің де одан безінбе!
Қайырмасы: Жасықтықтың, Ғашықтықтың азабы-ай! Көзіңде нұр, – Кезінде бір Нажағай! Махаббат ғажап-ай!
|
Notes
|
Бақыт вальсі
|
|
Lirycs
Арманым едің бір кез алыстағы, Жүрегім тыншымады танысқалы. Көңлімді көкке өрлетіп шарықтатқан, Бақытым сенсің осы вальстағы.
Қайырмасы: Бар бақытым өзіңде, Күлімдеген көзіңде. Күнім десең, Күлімде сен, Үміт беріп сезімге.
Жаныма ұшқын түсіп келбетіңнен, Махаббат бақшасында тербетілгем. Өзіңе өмір бойы теңгеретін, Таппаспын басқа жанды жер бетінен. Қайырмасы.
|
Notes
|
Баркарола
|
|
Lirycs
Толқы, толқы, тал қайық, Толқында шайқал, тербетіл. Көк айдынды шарлайық, Кезейік кербез көл бетін, Толқын жалын қармайық.
Қайырмасы: Жанымда толқын тулайды, Отты махаббат тынбайды. Қайығым, көлде көлбе, Сейілсін зілдей мұң-қайғы.
Шалқы, шайқал, көк айдын, Ақ бұйра жалын жазылсын. Жағалауға қараймын, Қыз бірақ мені нағылсын! өтті жарсыз талай күн. Қайырмасы.
Самға, қайық, алып ұш, Алдымнан айдын ашылсын. Жүрек толы сағыныш, Алауы аздап басылсын. Самға, қайық, алып ұш! Қайырмасы.
|
Notes
|
Баянауыл вальсі
|
|
Lirycs
Көрдің бе сен, Баянның шың-құздарын, Кеудесінде ойнаған жұлдыздарын? Көрдің бе сен Баянның баурайында Жайраң қағып, жайнаған ұл-қыздарын.
Қайырмасы: Таулары биік айбынды, Көлдері мөлдір айдынды. Қыздары көркем май гүлі, Баянның ұлдары көпке әйгілі.
Асқақтатып ақ беттен Баян әнін, Жер сұлуын келсе егер аялағың. Жасыбайдың көлінде сайран салып, Саяла сен жұпарлы сая бағын. Қайырмасы.
Баянауыл басында күн аумайды, Көл бетінде күлімдеп нұр ойнайды. Алматыдан алыстау демесеңдер, Алатаудан Баяным бір аумайды. Қайырмасы.
|
Notes
|
Бейбітшілік жыры
|
|
Lirycs
Ормандар тыныштықты ұнатады, Армандар таңмен бірге гүл атады. Жасайды жарық күннің шұғыласында, Жасайды халық туған Ұлы Отаны.
Қайырмасы: Бейбіт күн – арманы адамның, Бейбіт күн – оқ атар саған кім? Бейбіт күн – жалғасы арманның, Бейбіт күн – жолдасы жаңа әннің.
Қалалар қамсыз шамын жаға берсін, Балалар мектебіне бара берсін. Ініні ағалары жетелесін, Баланың бар қызығын ана көрсін. Қайырмасы.
|
Notes
|
Бейбітшілік туы берік қолда
|
|
Lirycs
Жер шарын мекендеген бүкіл халық, Біздің ел дәстүрінен қуат алып. Советтер Одағы боп сүйінері, Достығын Отанымның отыр танып.
Қайырмасы: Барлық халық, бақыт үшін тартқан алға, алға! Біздің ту – Совет туы, берік қолда! Партия қайда болса, Партия қайда болса – жеңісм сонда!
Жиһанға жат болсын деп соғыс аты, Сақтаулы қол қойылған «Әлем хаты» Бала – жас, ана – жесір, әке – құрбан Болсын деп жаралмаған адам заты. Қайырмасы.
Отаным мәңгі бақыт шамын жаққан, Қуатым құмда суды толқындатқан. Біздің ел – еңбек елі, шөл далаға Жайқалта жапырағын бақ орнатқан. Қайырмасы.
|
Notes
|
Бейбітшілік сақталады
|
|
Lirycs
Әлем сүйген салтымыз бар – Бейбітшілік ел ұраны. Өмір сүйген халқымыз бар – Бейбіт елдің біз ұланы.
Қайырмасы: Халықтар өмірді қорғайды, Әділет ұранын қолдайды. Шырқаңдар, кел достар, әр елде: Бейбіт күн жасасын әлемде!
Қорғау үшін өмір көркін – Бүгіннен де ертең нұрлы. Болдырмаймыз соғыс өртін, Достар берік сапқа тұрды. Қайырмасы.
Ел ұраны мәңгі анық – Әр жүректе жатталады. Қолға алса барлық халық Бейбітшілік сақталады. Қайырмасы.
|
Notes
|
Бейбітшілік маршы
|
|
Lirycs
Бүкіл әлем көгін шарлап келем мен, Менің елім күн нұрына бөленген. «Бейбітшілік керек!» – дейді жер үсті, Жалындаған, дауылдаған өлеңмен!
Қайырмасы: «Бейбітшілік!» – халық ұраны, Лаула мәңгі өмір шырағы! Бүкіл әлемде, Шалқар қоныста Жол жоқ қанды соғысқа!
Ақыл-ойы адамзаттың ғажап шың, Оты болмай, соты болсын азаптың! Таза ауадай жер үстінде жасасын Бақыт, теңдік, бейбітшілік, азат күн! Қайырмасы.
Өмір керек – маған, саған, оған да, Өмір туы біздің туған Отанда! Адам досы – Совет халқы бастаушы Соғысы жоқ, бақыты мол қоғамда! Қайырмасы.
|
Notes
|
Бесік жыры
|
|
Lirycs
Қара түннен туады, Қызыл шырай бұла таң. Аппақ нұрмен жуады Ақша бетін гүл – Отан.
Қайырмасы: Бұла таңы бол елдің, Құла таңы бол елдің, Әлли, бөпем, әлди-ай!
Қара жерден туады, Жасыл орман, баламыз. Көк тоғаймен буады, Белін шөлейт даламыз.
Қайырмасы: Көк орманы бол елдің, Ақ арманы бол елдің, Әлди, бөпем, әлди-ай!
Қара бұлттан туады Жасыл оты жауында. Жасыл болып қуады, Жауынгер ұл жауын да.
Қайырмасы: Нажағайы бол елдің, Ғажап Айы бол елдің, Әлди, бөпем, әлди-ай!
|
Notes
|
Бесік жыры
|
|
Lirycs
Сен жүрер деп алдыңда жолың жатыр, Атқа мінсең, атаңдай болған батыр.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай!
Орман, тоғай жайнайды сені күтіп, Бұлбұл әнге салады сан құбылтып.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай!
Тауға шықсаң атаға гүл ала кел, Алдың ашық, жан бөпем, қуана бер.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай!
Әнге, күйге әрқашан толы бауың, Мектебің де соғады қоңырауын.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай!
Сен алысқа кеткенде сағынамын, Ұйықтап қалдың біткенше менің әнім.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай!
|
Notes
|