Есігімді ашып, еріп кіргелі,
Сен болып бақыт келіп тұр ма еді.
Қарақат көзім, әніңмен алғаш,
Еріттің мені, еліттің мені.
Қайырмасы:
Құшағымды ашып,
Көңілім тасып,
Бірге жүрген күндерімді сағындым.
Бақытым менің,
Жақұтым менің,
Кел, кел, кел.
Ғашығым менің,
Асылым менің,
Сен, сен, сен.
Көзімде неге, көл, дірілдедің?
Солмаса екен енді гүлдерім.
Қуантсаң – қуант, мұңайта көрме,
Моншақтай мойыл мөлдірім менің.
Қайырмасы.
Жұлдызым жанып, жайнасын бағым,
Бұлбұлым қонып, сайрасын бағым.
Хабарың келмей қамығып жүрмін,
Сағынып жүрмін, қайдасың, жаным?
Қайырмасы.