(Ғарифолла Құрманғалиевтің орындауынан)
Сөйле десең сөйлейін сіз келгенде,
Киер көйлек шаруалар көз көргенде тамаша, денің сау ма құдаша-ау.
Айт дегенде несіне іркілейін,
Үлкен, кіші жақсылар кез келгенде, қыздар-ау, денің сау ма қыздар-ау.
Қайырмасы:
Тобылғының түбінен
Қазық алдым былық-былық,
Бөдененің етінен
Азық алдым сылық-сылық.
Қасың қара кіл өңкей,
Ақ тамақ қыз бұл өңкей.
Абау қыздар, абау бақ,
Танымайды ту айлақ
Екі ма нақ-нақ.
Ішім-ай, дертім-ай,
Қыздар-ай, қырғын-ай.
Қыр басында қыз ойнақ,
Күндіз мәжіліс, түнде ойнақ,
Екі ма нақ-нақ.
Айта бар, қайта бар,
Қыздарға сәлем айта бар.
Жиналған қыз-бозбала
Қосылып әнге сал.
Кел, екеуміз додаға қосылайық,
Айқай салып ән қосып жосылайық, қыздар-ау, денің сау ма қыздар-ай.
Бекер қарап құр босқа отырғанша,
Бозбалаға болмай ма осы лайық, қыздар-ау, денің сау ма қыздар-ай.
Қайырмасы.