Атадан мұра
Нұрғиса Тілендиев
  • Теңіздегі алтын таң

  • Таң келеді алтын таң,
    Таңның нұры қырмызы.
    Таң келеді алтын таң,
    Алаулаған таңертең
    Тамылжыды жер жүзі
    Аш ұйқыңды, жан еркем,
    Таңның гауһар жұлдызы.

    Көк телегей көлдейді
    Көрші теңіз құдіретін
    Суды самал тербейді
    Таңғажайып таңертең
    Шайқап аспан суретін
    Жүрші тысқа, жан еркем
    Көрші маржан су бетін.

    Айдын шалқар шақырып
    Шайқалады кемеміз
    Шабыт шіркін шарқ ұрып
    Таңдай сұлу жан еркем,
    Гүл құшақта, келеміз
    Күміс судан таңертең
    Алтын моншақ тереміз.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары