Темірбектің төкпесі
  • Таң самалы

  • Алтын нұр аймалап алапты,
    Алаулап арайлы таң атты.
    Таң самал тербеп, тебіренер кеудең,
    Сен-дағы мені тербе, сәулем.

    Қайырмасы:
    Өзіңдей нұрлы арайлы таңым,
    Қуаныш етіп қараймын жаным.
    Аспаным ашық, көңілім биік,
    Жазымды таптым өзіңді сүйіп.

    Орманда ақ қайың көремін,
    Ақ қайың сен өзің дер едім.
    Аулақта бұлбұл шырқаса әнге,
    Толқышы әнмен шалқып сен де.
    Қайырмасы.

    Жазира кең дала көлбеген,
    Бір сен деп лебіңе шөлдеген.
    Сылдырап бұлақ ағады таааааааааудан,
    Күмістей күлкің естілер қайдан?
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары