Қоңыр қаз
Әшімтай
  • Бесік жыры

  • Қара түннен туады,
    Қызыл шырай бұла таң.
    Аппақ нұрмен жуады
    Ақша бетін гүл – Отан.

    Қайырмасы:
    Бұла таңы бол елдің,
    Құла таңы бол елдің,
    Әлли, бөпем, әлди-ай!

    Қара жерден туады,
    Жасыл орман, баламыз.
    Көк тоғаймен буады,
    Белін шөлейт даламыз.

    Қайырмасы:
    Көк орманы бол елдің,
    Ақ арманы бол елдің,
    Әлди, бөпем, әлди-ай!

    Қара бұлттан туады
    Жасыл оты жауында.
    Жасыл болып қуады,
    Жауынгер ұл жауын да.

    Қайырмасы:
    Нажағайы бол елдің,
    Ғажап Айы бол елдің,
    Әлди, бөпем, әлди-ай!

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары