Аққу
Нұрғиса Тілендиев
  • Бақыт құсы

  • Өзің болып мұнар сағым да,
    Өзің болып ұнар шағым да,
    Өзің болып құзыр дертім де,
    Өзің болып қызу өртім де,
    Өртім де сенің еркің де!
    Сырым болып сара сезім де,
    Жырым болып дара бір сөзім де,
    Нұрым болып қара көзім де,
    Бақыт құсын ұста сен өзің де!
    Өзің де одан безінбе!

    Қайырмасы:
    Бар сауалым,
    Таң самалы, өзіңде.
    Пісіп тұрған,
    Түсіп тұрған кезіңде
    Кезіңде ерік бер сезімге!

    Өзің болып табыспағым да,
    Өзің болып ағыс та, ағын да,
    Өзің болып аспан тауым да,
    Өзің болып баспана, бауым да,
    Бауымда, жаным, дамылда!
    Сырым болып сара сезім де,
    Жырым болып дара бір сөзім де,
    Нұрым болып қара көзім де,
    Бақыт құсын ұста сен өзің де!
    Өзің де одан безінбе!

    Қайырмасы:
    Жасықтықтың,
    Ғашықтықтың азабы-ай!
    Көзіңде нұр, – 
    Кезінде бір
    Нажағай!
    Махаббат ғажап-ай!

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары