Аққу
Нұрғиса Тілендиев
  • Қазақстан

  • Асқар таулар, бақша баулар әлемі,
    Қазақстан – ғажап өлке әдемі.
    Алатаудың жазылғандай шыңына,
    Ғасырлардың арманы мен сәлемі.

    Қайырмасы:
    Қазақстан күлімдеген,
    Күншығыстан Қазақстан.
    Барлық елмен бір туысқан
    Қазақстан, Қазақстан.

    Сары алтын боп сапырылған дәні бар,
    Қара бұлттай қаптап жатқан малы бар.
    Қазақстан – қазыналы бай өлке
    Қойынынан не керегің табылар.
    Қайырмасы.

    Ту қып атын көтереді жаңа ұрпақ,
    Қарайды әлем келбетіне таңырқап.
    Қазақстан – байтақ дала елімді,
    Ақ нанымен жатыр бүгін жарылқап.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары