Атадан мұра
Нұрғиса Тілендиев
  • Қазақстан туралы жыр

  • Алтай мен Атыраудың арасында,
    Елім бар, арайлы, алтын күннің аясында.
    Кең байтақ гүл-жақира қайда барсаң
    Бақытты өмір бар даласында, ауасында.

    Қайырмасы:
    Партия туысқан –
    Бастаушы халықты.
    Жасай бер, Гүлстан
    Туған ел даңқты.

    Құлақ сал Тың өлкенің дабылына,
    Қарашы ғажайып тасқын күштің ағынына.
    Еңбек пен достық отын ұқсатамын
    Балқаш пен Қарағанды, Теміртаудың жалынына.
    Қайырмасы.

    Басына Алатаудың күн қонғандай
    Далаға көңілді асқақ ән мен күй толғандай.
    Толқыған бейбітшілік жалаулары,
    Еліме, жеріме нұр болғандай, гүл болғандай.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары