Сарыжайлау
Тәттімбет
  • Дархан дала

  • Ертегіден кемі жоқ ендігінің,
    Қызығын бір көрдік жер кеңдігінің.
    Домаланған киіз үй орынына
    Домналар алаулап кеді бүгін.

    Қайырмасы:
    Ғарыш дала, әлем дала,
    өткен күнге алаңдама!
    Қызың қайсар, қызың сұлу,
    Ұлың батыр, ұлың дана!

    Ертегіден кемі жоқ ендігінің,
    Қызығын бір көрдік жер кеңдігінің.
    Топырлаған құланның қонысына
    Темір тұлпар дүрілдеп келді бүгін!
    Қайырмасы.

    Ертегіден кемі жоқ ендігінің,
    Қызығын бір көрдік жер кеңдігінің.
    Сайыпқыран самғаған сары жайлауға
    Зымырандар заулауға кеді бүгін!
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары