Қосбасар
Сүгір
  • Әлия туралы ән

  • Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,
    Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.
    Аққу құстың бейне бір баласындай,
    Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен.

    Қайырмасы:
    Әлияжан, сен қаладың
    Нұрлы өмірден биік арман.
    Ерке құсы кең даланың,
    Еркін өскен Әлияжан.

    Туған елге дұшпандар оқ атқанда,
    Туған жерді қып-қызыл өрт жапқанда.
    Қару алып қорғадың намысыңды,
    Сені ажал тойтарып тоқтатқан ба!..

    Қайырмасы:
    Алаулаған айдай жүзі,
    Өмірде өлмес әні қалған.
    Құралай көз қазақ қызы,
    Ерлігі асқан Әлияжан,
    Батыр қызы сен халқымның,
    Әлияжан, әлияжан.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары