Он сегіз жасар Балжан қыз
Қазанғап
  • Ертіс вальсі

  • Тамылжыған, мүлгіген айлы түнде,
    Қызықтаймыз көктемнің суретіне.
    Біз келеміз Ертісте, тербелеміз,
    Көлеңкеміз түседі су бетіне.

    Қайырмасы:
    Қасымдасың арманым,
    Алтын сәуле жан-жағым.
    Жырға толы жүрегім.
    Тыңда, жан жарым!
    Көгілдір көктем көңілім менің,
    Өзің сәулем, өзің сәулем, -
    Өмірім менің.

    Өзің сәулем аңсарым шөлдегенде,
    Көңіл құсы сайрайды сен дегенде.
    Әзіліңе бір сенің, жаз үніңе
    Дүниенің бар көркін теңгерем бе.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары