Бұлбұл
Дина Нұрпейісова
  • Елім бар

  • Елім бар кең даланы мекендеген,
    Оған мол парызым бар өтелмеген.
    Өр сезім, асқар ойлы арманым бар,
    Әлемнің аспанына жетем деген.
    Өзіңе әркім арнап асқақ әнін,
    Билейді қуанышы жас баланың.
    Қазақтың қасиетті даласында,
    Еліме еркелеймін, мақтанамын.

    Қайырмасы:
    Ей! Атырау-Алтай арасын,
    Жайлаған елге қарашы,
    Сәулетті қазақ даласы.

    Баураған байтақ дала, асқар тауы,
    Қойныңда келеді өсіп достар саны.
    Халқымның өз жеріндей пейлі де кең,
    Жайылған берекелі дастарханы.
    Отаным, туды өзіңде мол арманым,
    Білемін бақыт сенен таралғанын.
    Төрт бұрышын төңіректің кезсем-дағы,
    Өзіңдей ыстық жерді таба алмадым.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары