-
Махаббат көктемі
-
Сағындым мен сонау жылғы көктемді,
Сағым жүзген алау гүлді бөктерді.
Сағындым мен айнабұлақ басында,
Алғаш рет ерініңнен өпкенді.
Қайырмасы:
Көктем келді,
Көк белдерді
Қыдырып бір қайталық.
Ғашық болған,
Асып, толған,
Кезді жыр ғып қайтайық.
Гүлдер жайнап, тапса жанның дауасын,
Күндер заулап, көрсетпейді-ау қарасын.
Көктем сайын өзің ғана менімен,
Алғаш рет кездескендей боласың.
Қайырмасы.
Хош дегендей, қаздар қайтып кетеді,
Тос дегендей, саздары айқын жетеді.
Махаббатты мәңгі көктем деп білем,
Жүрек соның жазиралы мекені.
Қайырмасы. -
Категория:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары