Аққу
Нұрғиса Тілендиев
  • Махаббат мұңы

  • Көктемнің мынау – көк ала жалау,
    Көңілде – нала, көңілде – алау.
    Жетер ем мініп жүйрікке жарау,
    Қайдасың, қайдасың, күлім көз еркем?!

    Қайырмасы:
    Күнімдей көркем, күлім көз еркем,
    Барады өртеп сағыныш!
    Сағындым сені-ай, сағындым сені-ай,
    Сағындым сені-ай, күлім көз еркем!

    Жаз болса мынау – жолыңа қарау
    Көңілім – жадау, көңілім – жамау.
    Тағдырдың жолы – тоқсан мың тарау,
    Қайдасың, қайдасың, күлім көз еркем?!
    Қайырмасы.

    Күз болса мынау – бұлт болып жылау,
    Көңілде – сауал, көңілде – сұрау.
    Сұлуда әлде болмай ма тұрлау?!
    Қайдасың, қайдасың, күлім көз еркем?!
    Қайырмасы.

    Қыс болса мынау – ақ күміс қырау,
    Көңілде – кірбің, көңілде – қылау.
    Жаным да азар шықпай-ақ жүр-ау!..
    Қайдасың, қайдасың, күлім көз еркем?!
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары