Қосбасар
Сүгір
  • Отан күзетінде

  • Жұлдыз жусап аспанда,
    Күзетте «Жеті қарақшы».
    Қорған болып Отанға,
    Шекарада тұр сақшы.

    Борышыңды атқарып,
    Сен қайтарсың күлімдеп.
    Ән шырқатып, шаттанып,
    Қарсы алармын «күнім» - деп.

    Күзет достым, сақ бол, сақ,
    Бетіңнен сүйсін алтын таң.
    Тынығып... тыныш ұйықтап,
    Күле оянсын ұлы Отан!

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары