Сарыжайлау
Тәттімбет
  • Отан

  • Отаным, кең далам, орманды,
    Болаттан соғылған қорғанды.
    Бақыттың, шаттықтың мекені,
    Қолдаймын, қорғаймын Отанды.


    Қайырмасы:
    Туған жер – алтын таң,
    Кең далам, таулы орман.
    Ұл мен қыз қорғаймыз,
    Бақытты ұлы Отан.

    Айдын көл, дархан ел, туған жер,
    Жастарың жалынды жауынгер!
    Жарқын жаз, үйрек, қаз жүзетін,
    Күміс су, кең байтақ жасыл бел.
    Қайырмасы.

    Сәнді тау, бақша-бау, шалқар көл,
    Малға жай, кенге бай туған ел.
    Тәтті күй, әсем би, сұлу ән,
    Ойнайды ер, шырқайды ел, шаттық жел.
    Қайырмасы.

    Баулыған партия күніміз,
    Отанның жан қияр ұлымыз.
    Аттан сап қойсақ лап уралап,
    Көкке өрлер дауылпаз үніміз.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары