-
Шаттық вальсі
-
Жаз келгенде гүлге толады туған даламыз,
Күлімдеп біздер ән саламыз.
Ұшқан құстай еркін шарықтап қанат қағамыз,
Бақыт табамыз.
Қайырмасы:
Гүл – жастық шақтың серігі,
Гүл – махаббаттың көрігі.
Жайнай берші жасыл бақта,
Осынау шақта!
Құс келеді жырмен оятып ашық аспанды,
Қуаныш тербейді жас жанды.
Жарқын көктем шаттық шалқары, уақыт дастаны,
Әнмен басталады.
Қайырмасы. -
Категория:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары