-
Ақкербез
-
Мінген атым астымда бұқпа қара,
Ақ бетіңе шаң тисе ыққа қара.
Деңгейінен аулыңның ән салайын,
Танымасаң даусымды шық та қара.
Қайырмасы:
Бетегелі белден боз,
Уағдалы еді айтқан сөз.
Айрылысар күн туды,
Қош-есен бол айдай,
Ақкербез, Ақкербез.
Сені ойласам жүрегім жанып барад,
Отыра алмай екі аяқ талып барад.
Бұл жалғанда қалайша шыдайын мен
Екі көзің жаутаңдап қалып барад.
Қайырмасы. -
Категория:
Халық әндері