Темірбектің төкпесі
  • Айжан-ай

  • Халық әні
  • Дарияның арғы жағы, бергі жағы,
    Жайқалған жағасында жапырағы.
    Жігіттің еш арманы болмас еді,
    Күлімдеп алдан шықса сүйген жары.

    Қайырмасы:
    А-хау... Айжан-ай,
    Жас дәурен екі айналып келмес саған.

    Дүниеде әркім жүрер кең болған соң,
    Ойнайды екі құрбы тең болған соң.
    Сырымды саған айтпай кімге айтамын,
    Сүйгенім, ғашық жарым сен болған соң.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Халық әндері